«Жаңа-Қанай ауылының Шығыс Қазақстан Облыстық психиатриялық ауруханасы» КМҚК

Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жаңа-Қанай ауылының Шығыс Қазақстан Облыстық психиатриялық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Жаңа-Қанай ауылының Шығыс Қазақстан Облыстық психиатриялық ауруханасының басты міндеті-психикалық аурулардан және маскүнемдік пен нашақорлықтан зардап шегетін тұрғындарға білікті медициналық көмек көрсету.
«Жаңа-Қанай ауылының Шығыс Қазақстан Облыстық психиатриялық ауруханасы» КМҚКҰжымды бас дәрігер-1-санатты дәрігер-психиатр, психиатрлар мен психотерапевтер Ассоциациясының мүшесі, 2012 жылдан бастап аудандық маслихаттың депутаты - РАГЫЗБАЕВА Альмира Елубаевна басқарады.
Аурухана 1952 жылдан бері жұмыс ісітеп келеді. Бірнеше бірқабатты ғимараттарға орналасқан.
Аурухана 180 төсек-орынға арналған. 4 психиатриялық (ерлер және әйелдер) және 1 наркологиялық бөлімшелері бар. 2002 жылдан бері наркологиялық бөлімшеге мерзімі мен себебі анықталған науқастар арнайы соттың шешімімен жатқызылады. Психиатриялық бөлімшелерге науқастар облыстың әр ауданынан (көбінесе Глубокий, Марқакөл, Күршім, Шемонаиха, Ұлан аудандарынан) дәрігер-психиатрлардың және ОПНД-данжіті асқынған психоздан емдеуге арнайы дәрігер-психиатрлардың жолдамаларымен жатқызылады. Сонымен қатар науқастар көбінесе МСЭК-ке қайтадан жолдама алу үшін тексерілуге түседі.
Наркологиялық бөлімшеге асқынған алкоголизмнен және күрделі соматикалық алкогольге тәуелділіктен ем қабылдауға келіп түседі. Науқастардың ауруханада мәжбүрлеп  ем қабылдау ұзақтығы  сот шешімі анықтаған мерзіміне байланысты.
Әр бөлімше жеке ғимараттарда орналасқан. Эпидемиологиялық жағдайы таза. Бөлімшелер пешпен жылытылады, жергілікті құбырлары мен орталықтандырылған су жүйесі бар.
Жыл сайын барлық бөлімшелер мен цехтерде ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2013 жылы асханаға жаңа электр құрылғылары алынды. Қосымша қыздыру шкафы алынып, нан өнімдерін пісіруге мүмкіндік туғызды. Әр бөлімшеде науқастардың азық-түліктерін сақтау үшін тоңазытқыштар алынды. Дәріханаға және бөлімшелерге дәрі-дәрмектерді сақтау үшін қосымша тоңазытқыштар берілді. Асхана толықтай тез бұзылатын тағам өнімдерін сақтауға арналған тоңазытқыштармен қамтамасыз етілген.
Бөлімшелер қажетті құрал-жабдықтар мен жиhаздармен жабдықталған. Ескірген құрылғыларды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп отырады.
2005 жылдан бастап биохимиялық зертхана жұмыс істейді. Диагностикалық және емдік жұмыстардың нәтижесін жақсарту мақсатында 2006 жылы зертханаға бинокулярлы микроскоп, электронды зертханалық есептеуіш С-5 және үстелді центрифуга алынды. 2015 жылы жаңа автоматтандырылған гематологиялық анализатор ХР-300 жаңадан алынды. 2016 жылы F 52-8С жаңа диагностикалық рентген жиынтығы іске қосылды. Сонымен қатар науқастардың тісін емдеу үшін стоматологиялық кабинет жұмыс істейді.
Кадр жұмысына көп мән беріледі. Мекемеде 200-дей қызметкер жұмыс атқарады, оның 7-еуі негізгі дәрігерлер, 6-уы қосымша қызмет атқаратын дәрігерлер. Дәрігерлердің 80%- ы білікті санаттары бар мамандар.
Ауруханада 45 орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Орта медицина қызметкерлері- 100%-ды құрап отыр. Мамандар кәсіби біліктіліктерін Өскемен қаласында колледж аясында көтеріп отырады. Жыл сайын орта және кіші медицина қызметкерлеріне аттестация жүргізіледі.
Әр бөлімшеде бөлімше дәрігерлерімен және дәрігер-эпидемиологтың қатысуымен жоспар бойынша тематикалық дәрістер жүргізіліп отырады.
Жаңа аурухана ғимаратын салу жоспарланып отыр. ШҚО бойынша «Мемэкспертиза» РМП филиалымен бас жобалаушы «АСТАС»ЖШС-мен дайындалған «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Жаңа-Қанай ауылындағы 240 төсекке облыстық психикалық-неврологиялық аурухана құрылысы» жұмыс жобасы бойынша 07.08.2015 жылы №06-0260/15 қорытындысы  шығарылды.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы
071608Ұлан ауданы, Жаңа-Қанай ауылы,Минай Даменулы көш. 23
Телефакс:8(72338)25-321
e-mail: kgkpopbvko@mail.ru 
Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі: 8(72338)25-301
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8(72338)25-405.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 12.04.2017