«Семей қаласының консультативтік-диагностикалық орталығы» ШЖҚ КМК

 «Семей қаласының консультативтік-диагностикалық орталығы» ШЖҚ КМК

Семей қаласының консультативтік-диагностикалық орталығы 1989 жылы құрылды. Осы күні Орталық аумақ халқына консультативтік-диагностикалық көмек көрсетуде жетекші медициналық мекемелерінің біріне айналды. 

2011 жылдың 18 сәуірінен бастап кәсіпорын «Семей қаласының консультативтік-диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын деп аталады.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарына Орталық қызметінің сәйкестігі ҚР ДӘДМ МФҚБК 2014ж.19.11. № 773 бұйрығымен 4 жылға расталып берілді.  Негізгі қызмет түрі бойынша үлгі талаптарының сәйкестігіне  ҚР ТС  «Сапа менеджменті жүйесі» ИСО 9001-2009 сертификаты 2015 жылы 7 шілдеде 3 жылға берілді.
Мекеменің негізгі міндеті – көрсетілетін қызметтердің сапасы мен нәтижесіне тұтынушылардың разылығын қамтамасыз ету.
Орталықта білікті дәрігерлер (81 % санаты бар), әртүрлі біліктілік санатты мейірбикелер (76 %), инженерлер, техниктер және басқа мамандар жұмыс істейді.  
Орталықтың мамандары облыс пен аумақ тұрғындары арасында өте абыройлы және белгілі. 

«Семей қаласының консультативтік-диагностикалық орталығы» ШЖҚ КМККонсультативтік-диагностикалық орталықтың директоры, медицина ғылымдарының докторы, жоғары біліктілік санатты дәрігер МОЛДАҒАЛИЕВА ЖАНАТ ТҰРСЫНҒАЛИҚЫЗЫ

КДО ұжымын 2004 жылғы қараша айынан бастап басқарады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаудың үздік қызметкері, жоғары санатты инфекционист-дәрігер, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастыру дәрігері. 1982 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді. 2011 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағына ие болды.
Консультативтік-диагностикалық орталықта көрсетілетін қызметтер:

Орталықтың заманауи құрал-жабдықтары: 2009 жылы орнатылған «Siemens»,  магнитті-резонанстық компьютерлік томограф, рентгендік маммограф «Alpha ST», рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық және басқа зерттеулерді өткізуге арналған аппараттар, сондай-ақ компьютерлік жүйе негізіндегі функционалдық және зертханалық  жабдықтар диагностика жүргізуге кең мүмкіндіктер береді. 2 Жылжымалы диагностикалық кешен біздің аумақта  диагностикалық зерттеулерді өткізу үшін пайдаланылады. 
Орталықта төмендегі бөлімдер, бөлімшелер және қызметтер бар: 

«Семей қаласының консультативтік-диагностикалық орталығы» ШЖҚ КМККонсультативтік-диагностикалық орталықта ересектер мен балаларға 28 мамандық бойынша сапалы консультативтік, амбулаторлық-емханалық медициналық көмектің толық кешені өткізіледі, медициналық диагностика кешені, атап айтқанда зертханалық, сәулелі, магнитті-резонанстық, функционалдық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық және басқа да диагностика түрлері өткізіледі. 

Магнитті-резонанстық томограф

Компьютерлік томографияның төмендегі зерттеулері өткізіледі:

«Семей қаласының консультативтік-диагностикалық орталығы» ШЖҚ КМКҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зертханалық қызмет реформасы» жобасының шеңберінде, сапа жүйесін нығайту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында және бағалау қорытындылары бойынша КДО зертханасы ИСО 15189 халықаралық стандартты енгізу 5 пилоттық зертхана ішіне кірді. 
Осы бағдарламаға сәйкес зертхана CDC (Бақылау орталығы, АҚШ) және CLSI (Клиникалық зертхана стандарттары институты, АҚШ) мамандары өткізген тәлімгерліктің 3 кезеңінен өтті. Зертхананың екі маманы Сапа менеджменті жүйесі бойыша тренинг өтті.

Мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы,
071400, Семей қаласы,  Шәкәрім даңғылы, 2 "б"
Семей қаласының консультативтік-диагностикалық орталығы
Жалпы дәрігерлік тәжірибе бөлімшесі:
Ұранхаев көшесі, 20/22 үй

Мамандар жылжымалы кесте бойынша жексенбіден басқа күнделікті 8.00- 18.00-ге дейін  қабылдайды
Диагностикалық зерттеулер  жексенбіден басқа күнделікті 8.00-ден 18.00-ге   
жүргізіледі. 
Күндізгі стационар күнделікті 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Тіркеу бөлімінің телефондары: балаларға - 52-63-84, ересектерге - 56-62-94
Ақылы қабылдау бойынша тіркеу телефоны: 56-68-08
Жалпы дәрігерлік тәжірибе бөлімшесінің тіркеу бөлімінің телефондары:   
56-94-86, 52-62-95, 56-86-11
Анықтама телефоны: 56-62-67; 56-62-94
Сенім телефоны: 56-97-63
Tелефон/Факс: 8 7222 56-85-07
E-mail: skdc@inbox.ru  ; skdc@mail.ru
КДО сайты: www.scdc.semstar.com

 
 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 07.05.2012 / 12.04.2017