«Шығыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансері» КМҚК

 ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс қазақстан облыстық наркологиялық диспансері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Облыстық наркологиялық диспансер 1981 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жіті психотикалық бұзылулар мен наркологиялық тәуелділіктен зардап шегуші ересектер мен жасөспірімдерге мамандандырылған наркологиялық көмек көрсетеді. 27.01.2014 жылғы №2136 «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі тізімін бекіту туралы» қаулыға сәйкес көрсетілетін көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді.

Смағұлов Хабдылманат ЖұмағазыұлыБас дәрігер – Смағұлов Хабдылманат Жұмағазыұлы. 1982 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын аяқтаған. 2003 жылдың мамыр айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының наркологиялық диспансерінде нарколог-дәрігер қызметінде жұмыс істейді. 2011 жылы бас дәрігер қызметіне тағайындалды. Жоғары санатты нарколог-дәрігер, облыстың штаттан тыс бас наркологы.
Облыстық наркологиялық диспансер (ОНД) Өскемен қаласы мен облыстың аудандарына мамандандырылған көмек көрсетеді.

      
Ұжым құрамы:
Барлық қызметкерлер  -  235 адам.
Соның ішінде:
-  Дәрігерлер  -  36 адам, оның ішінде:  6 – жоғары санатты, 11- бірінші санатты, 5- екінші санатты дәрігерлер.
-  Орта мед. қызметкерлер - 77 адам, оның ішінде: 48 – жоғары санатты, 16 – бірінші санатты, 2 – екінші санатты.
-  Кіші мед.қызметкерлер -  72 адам.

«Шығыс Қазақстан облысының наркологиялық диспансері» КМҚК келесі медициналық және дәрігерлік қызмет түрлерін атқаруға лицензиясы бар:

ОНД құрылымы амбулаторлық-емханалық және стационарлық қызметпен ұсынылған.Амбулаторлық-емханалық қызмет күніне 94,3 адамның келуімен, учаскелік принцип бойынша жұмыс істейді. Емханада мынадай кабинеттер жұмыс істейді:

Ерікті түрде емдеуге арналған 60 төсектік стационарда 2 бөлімше бар: жіті маскүнемдік психоз бөлімшесі – 40 төсектік орын; ПБЗ дәрі-дәрмекпен түзету және оңалту бөлімшесі – 20 төсектік орын, сонымен бірге кәмелет жасына толмағандар мен әйел адамдарға 5 төсектік орын бөлінген. Және де 150 төсектік орынға есептелген соттың шешімімен емделушілерді мәжбүрлі түрде емдеу бөлімшесі  жұмыс істейді.
Барлық емделушілерге терапевт-дәрігер, невропотолог дәрігер психологиялық көмек көрсетеді. Емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне сәйкес жүргізіледі (ТМККК).
Арнайы бөлінген 10 төсектік орындағы емделушілерге ақылы негізде біліктілігі жоғары деңгейдегі наркологтар, терапевтер, невропотологтар, психологтар мамандандырылған наркологиялық көмек көрсетеді.
Call-орталығы
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы Call-орталығы амбулаторлық ұйымдар қызметтерінің ерекшеліктерімен байланысты сұрақтарды жариялау және Өскемен қаласы азаматтарының ақпарат алу деңгейін арттыру мақсатында.

Психотерапия кабинеті

Облыстық наркологиялық диспансерде психотерапия кабинеті ашылды. Онда қазіргі уақытта диспансерде есепте тұрған және стационарда ем алушы пациенттерге психокоррекция көмегі  жүргізіледі.
Психотерапевт-дәрігер пациенттермен әртүрлі әдістемелер бойынша жұмыс істейді. Олар: рационалды психотерапия, когнитивті-мінез-құлық терапиясы, Гештальттерапия және т.б. дәл осы кездерде қабылдау тегін жүргізілуде.
Болашақта психотерапия кабинетінде жеке қабылдау жүргізу және гипнотерапия әдісін енгізу жоспарлануда. Жеке қабылдаудың ашылуының нақты  күні сайтта жазылатын болады. Жаңалықтарды үзбей оқып тұрыңыздар.

«Шығыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансері» КМҚКСенсорлы бөлме

Сенсорлы бөлме.
Сенсорлы бөлме – бұл адам жасына және денсаулығына қарамастан  қауіпсіздік, тыныштық, жайлылық сезінетіндей арнайы жабдықталған бөлме.
Осындай бөлмеде қысқа уақыттың ішінде босаңсу, эмоционалды және физикалық күй, психофизикалық күйдің  жақсаруы пайда болады,  сонымен қатар жұмыс істеу қабілеті жоғарылайды.
Сөйлеу, көру, есту ақауларына, невроздарға, психомоторлы және эмоционалды дамуға өткізілетін еммен қатар сенсорлы бөлме сеанстарын кешенді оңалтуға қосуға болады.
Сенсорлы бөлменің қолдану аясы.

«Шығыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансері» КМҚКТемекіге тәуелділікті емдеу кабинеті ашылды

Никотинге тәуелділікті емдеу бойынша темекіге қарсы кабинет ашылды.
Кешенді кодтау ішінде темекіні тастау үшін 6 қадамбар. Топ жиналады (5 адамнан артық емес).  Келесі 5 күн ішінде психотерапевтикалық деңгейде темекінің зияны  түсіндіріледі. 6 күні кешенді кодтаудың ақырғы қадамы – дәрілік әсер ету (ауыз қуысының артқы қабырғасына егіледі).
Өскемен қаласы,  Буров көшесі 21/1
Қабылдау бөлімі - 26-51-89
Тіркеу - 26-04-59
Факс - 26-19-44
vk_ond@mail.ru
Көлік:
Автобус № 3,42,46,32,47
Маршрутты такси № 246,230,212
"Емхана" аялдамасы

 


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 12.04.2017