«Шығыс Қазақстан облыстық тері-венерологиялық диспансері» КМҚК

«Шығыс Қазақстан облыстық тері-венерологиялық диспансері» КМҚК

Жаманбалинова Рысбике Мустафовна Қызметтік бейіні:
Амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарлық алмастырушылық деңгейде ШҚО тұрғындарына мамандандырылған дерматовенерологиялық жәрдем беру.
Бас дәрігер:
Рысбике Мұстафақызы Жаманбалинова – 1976 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын емдеу ісі мамандығы бойынша аяқтаған.1995 жылдан бастап дәрігер-дерматовенерологтың жоғары білікті санаты, 2001 жылдан бастап әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру жөніндегі дәрігердің жоғары білікті санаты иегері.   1979 жылдан бастап ШҚО ДСБ «ШҚ облыстық тері-венерологиялық диспансері» КМҚК бүгінгі күнге дейін жұмыс атқарып келеді. 2005 жылғы 19.08. бастап ШҚ Облыстық терівендиспансерінің Бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

Материалдық-техникалық база:
Диспансер Өтепов көшесі 39А үйінде орналасқан, (жалпы көлемі 11080 кв.м), үш қабатты ғимаратта орналасқан:
І қабатта әкімшілік, шаруаш. блогы (кір жууатын орын, ОСБ, ақық-түлік блогы), жыныстық қатынас бойынша берілетін жұқпалар (ЖҚЖЖ) науқастарына және олыс аудандарынан келген дерматовенерологиялық бейіндегі науқастарға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ауысымда 120 қатынастық №1 емхана.
ІІ қабатта құрамында клиникалық, серологиялық, бактериологиялық, иммунологиялық бөлімдері бар орталықтандырылыған серологиялдық зертхана; 7 төсектік күндізгі стационар.
ІІІ қабатта 60 төсектік тәуліктік стационар орналасқан.
Тәуелсіздік  даңғылындағы 56 үйде №2 емхана, аумағы 125 кв. м құрайды - Өскемен қаласы тұрғындарының дерматологиялық науқастарына амбулаториялық-емханалық жәрдем береді, оның ішінде балалар, зейнеткерлер бар.
Қызметкерлер:
2016 жылғы 01 мамырға диспансерде жұмыс істеушілер саны 113 адам, оның ішіндегі дәрігерлері – 20 адам, орта буынды медқызметкерлер -39 адам. Санатты дәрігерлер пайызы -88 %  құрайды, орта буынды медқызметкерлер – 74 % .

Ішкі аудит қызметі жұмыс істейді. Сенім телефоны 8-7232-70-31-65.
Факс: 8(7232) 60-35-71.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 12.04.2017