«Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы  коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Ұжымды директор жоғары санатты дәрігер – Попов Сергей Александрович басқарады. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында жоғары білікті және білікті мамандандырылған жоспарлы және шұғыл стационар мен  стационарды алмастырушы медициналық  көмек пен облыстағы балалар және жүкті әйелдерге, гинекологиялық ауруларға, нәрестелер мен шала туған балаларға медициналық генетика бойынша зертханалық (Семей қ. балаларынан басқа) көмек көрсететін, кешенді емдеп диагностика жасайтын қуатты жалғыз ғана орталық - бұл «Ана мен бала орталығы»  ШЖҚ КМК.
Орталықтың құрамына: педиатрлық блок, №2 педиатрлық бөлімше, инфекция бөлімшесі, акушерлік-гинекологиялық блок, №2 перзентхана, балалар консультативтік емханасы (одан әрі КДЕ), консультативтік-диагностикалық бөлімше (одан әрі медициналық-генетика қызметі мен КДБ), учаскелік педиатрлық қызмет (УПҚ), травматологиялық пункт кіреді.
Қазақстан Республикасы Ана мен бала орталығына  перинаталдық көмекті өңірлендіру туралы ережесіне сәйкес кәсіпорындарға аналардың перинаталдық шығындары бойынша үшінші деңгейдегі  жоғары қауіптегі жүкті, босанатын және босанған әйелдерді ауруханаға жатқызуға  қатысты (құрамында Өтепов к. 35 Перинаталдық орталығы бар) сонымен қатар, екінші деңгейдегі жүктілігі мен босануы күрделі болмаған Өскемен қаласында КМҚК «Ана мен бала орталығы»тұратын әйелдерді ауруханаға жатқызуға арналған кәсіпорын (құрамында қалалық перзентханасы бар Ворошилов к., 149/2).
Акушерлік-гинекологиялық блок облыс бойынша, Семей қаласы өңірін қоспағанда,  жүкті әйелдерге, гинекологиялық ауруға шалдыққан науқастарға, оның ішінде 15 жасқа дейінгі қыз балаларға, жаңа туған нәрестелер мен шала туған балаларға медициналық мамандандырылған және жоғары мамандандырылған стационарлық және стационарды алмастырушы көмек көрсетеді.   
АГБ құрамына келесі бөлімшелер кіреді:

№ 2 Перзентханада екінші деңгейлік перинаталды көмекті өңірлендірудің жүкті және босанатын әйелдеріне медицинлық мамандандырылған стационарлық көмек көрсетіледі. 
2014 жылдан бастап жаңа туған нәрстелерге күтім жасау, жаңа туған нәрстелер мен босанған әйелдерге уақытында реанимациялық көмек көрсету үшін үш газ жүйесі: кислород, тығыздалған ауа, вакуум біртіндеп енгізіле бастады. 
КМҚК «Ана мен бала орталығы»2014 жылы ағымдағы жөндеуден кейін операциялық блок пен босану бөлімшесінің операция бөлмелерінде  тіреуіштері бар 3 газ жүйесін енгізіп, орнатты.
Қабылдау-диагностикалық бөлімшеде  қысқа уақыт жататын төсек орындар орналасқан, ол жерде ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін, алайда бақылау және тексеру түрлері көрсетілетін кеңес беру және диагностика жасау көмегіне мұқтаж жүкті әйелдерге білікті көмек көрсетіледі. Кеңес беру-диагностикалық бөлімшеде (ҚДБ) облыстың барлық өңірлерінен жолданған жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдерге кеңес беріледі, абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қауіпті топтағы жүкті әйелдерге мониторинг жүргізіледі. Өскемен қаласы және облыс аудандары ОДА, стационарлары мен емханалары мамандарымен бірлесіп жұмыс жүргізіледі. 
Медициналық-генетикалық зертхана заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған, сапалы медициналық көмек көрсету үшін жағдай жасалған, инвазиялық пренаталды диагностика енгізілген. 
Педиатриялық блокта бүкіл облыстың, оның ішінде бұрынғы Семей ядролық полигоны аймағында тұратын балаларға медициналық мамандандырылған және жоғары мамандандырылған стационарлық және стационарды алмастырушы көмек көрсетіледі.  
Тарвматологиялық пункт тәулік бойы қызмет етеді, ол жерде балаларға күндіз-түні амбулаториялық көмек көрсетіледі.
Балалар амбулаторлық  офтальмологиялық орталығы қызмет етеді, оның құрамында көз жанарын қорғау кабинеті жұмыс істейді, бұл жерде амбулаторлық деңгейде балалар мектеп сабағынан қол үзбей, миопия, аккомодация спазмы, амблиопия сияқты патология бойынша аппарат негізінде емделеді.  
Шала туған нәрестелердің ретинопатиясын (ары қарай – ШР) уақытында анықтау және оларға сапалы мамандандырылған көмек көрсету мақсатымен тірі бала туу қағидаттары халықаралық стандарттарын енгізуге байланысты 2012 жылдан бастап ШР даму қауіпі бар балалар үшін офтальмолог-неонатолог дәрігері қабылдау жүргізеді.  
Облыстық сурдологиялық қызметі жұмыс жүргізеді. Есту және сөйлеуінде ақаулары бар балалар үшін сурдолог ғана емес, логопед те сабақ жүргізеді.  
Стационарда сурдолог дәрігер жаңа туған балаларға скрининг жүргізеді - отоакустикалық эмиссияны тіркейді.
Травматолог-ортопед дәрігерлерінің екі кабинетінде тірек-қимыл аппаратында патологиялары бар науқастарды ауруханаға жатқызу жүзеге асырылады. Науқастың мәліметтері компьютерлік қорға енгізіліп, картотека жүргізіледі. Балалар  травматологиясы мен ортопедиясы дамыған сайын тұрғындардың барлық қабаты үшін, әсіресе алыс аудандарда тұратын тұрғындар үшін қолжетімді бола түсті.   

КМҚК «Ана мен бала орталығы»Педиатриялық блокта бүкіл облыстың, оның ішінде бұрынғы Семей ядролық полигоны аймағында тұратын балаларға медициналық мамандандырылған және жоғары мамандандырылған стационарлық және стационарды алмастырушы көмек көрсетіледі. Кеңес беру емханасы ғимаратында Учаскелік педиатрлық қызмет жұмыс істейді, ол жерде 10000-нан астам тұрғын тіркеліп, 12 учаске қызмет атқарады.  Әрбір учаскеде педиатр дәрігер мен екі медбике қабылдау жүргізеді. Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі қызмет етеді, ол жерде әлеуметтік жұмысшы, психолог және дені сау бала кабинетінің медбикесі көмек көрсетеді. 
Диагностика сапасын жақсарту мақсатымен гематологиялық және биохимиялық, иммуноферментті анализаторлар сияқты ең заманауи диагностикалық жабдықтар сатып алынды, бұл жабдықтар арқылы бір уақытта 15 зертханалық әдістемелер жүргізіледі. Тұқым қуалау, туа біткен аллергиялық аурулардың диагностикасы үшін тиімді зертханалық зерттеу әдістері енгізілді. Зертханалық қызмет құрамына бактериологиялық зертхана кіреді, онда орташа алғанда жылына 80 мыңға дейін зерттеу жүргізіледі.  
Қызметтің негізгі міндеті – пациенттердің медициналық көмекті толық көлемде алу құқықтарын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осы мақсатпен Ана мен бала орталығында пациенттерге медициналық көмек  көрсетудегі кемшіліктердің алдын алу және жою бойынша ауруханаішілік комиссиялар құрылды, ай сайын барлық клиникалық бөлімшелерде медициналық көмек сапасына ішкі сараптама жүргізіледі.
Ана мен бала орталығында мамандардың теориялық дайындығы мен біліктілігін арттыруына көп көңіл бөлінеді. Дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері Республиканың, Ресей, Израиль, Балтық жағалауында жоғары оқу орындары мен клиникаларында оқудан өтеді, халықаралық форумдарға, съездерге және дәрігерлік конференцияларға қатысады. Ана  мен бала орталығы қызметкерлері медициналық қызмет сапасын арттыруға және әйелдердің бала табуға мүмкіндік беретін денсаулығын қорғауға, ана мен бала және нәрестелер аурулары мен өлімін азайтуға  бағытталған  ДДҰ, ЮНИСЕФ бағдарламалары бойынша іс-шаралар әзірлейді және апробациялайды.
Ана мен бала орталығында медицина қызметкерлерін үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі Оқу орталығы құрылды, оның ішінде ана қауіпсіздігі, омыраумен емізу және тиімді перинаталды технологиялар (ТПТ) бойынша оқытуға арналған оқу кабинеттері, акушерлік және педиатриялық блоктардағы балалар жасындағы ауруларды кіріктірілген емдеу (БЖАКЕ)  кабинеті біріктірілген. Бүгінгі күні тиімді перинаталды технологиялар (ЭПУ) бойынша қызметкерлер үшін үнемі каскадты әдіспен сабақтар мен тренингілер жүргізіледі. Сабақ бекітілген кесте бойынша өткізіледі.
Ресурстық орталық жұмыс істейді, ол жерде ғаламтор, балалар жасындағы ауруларды кіріктірілген емдеу (БЖАКЕ)  бойынша электронды кітапхана бар.
Ана мен бала орталығында 1370 қызметкер жұмыс істейді, олардың ішінде біліктілік санаты бар 225 дәрігер, 4 медициналық ғылымдар кандидаты, «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төс белгісімен марапатталған 8 дәрігер қызмет атқарады. 
КМҚК «Ана мен бала орталығы»Ана мен бала орталығында жас мамандарды жұмысқа қабылдау бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі, жұмысқа қабылдағаннан кейін олар бірден бастапқы мамандандыруға жолданады. Жас мамандарға арналған қызметтік пәтерлер мен бөлмелер бар.  
Медицина ұйымдарын аккредиттеу нәтижелері бойынша аккридеттеу мәртебесі берілді және 30.11.2015 жылы «жоғары санат беріліп, 3 жыл мерзімге аккредиттелген деп танылды». 
КМҚК «Ана мен бала орталығы»ЮНИСЕФ БҰҰ қорының қолдауымен ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджементі жүйесі енгізілді және 2015 жылы акушерлік блогқа халықаралық сапа менеджменті сертификаты берілді. 
Ана мен бала орталығы 2011-2015 жж. қорытындылары бойынша Ұлттық Бизнес-Рейтингісі жүргізген жалпы мемлекеттік статистикалық ранжирлеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының кәсіпорындары-көшбасшылары арасында жүлделі орындар бойынша «Активтер мен міндеттемелер бойынша көрсеткіштер», «Табыстылық көрсеткіштері», «Өтімділік көрсеткіштері» сияқты үш номинация бойынша РЕЙТИНГ АЛТЫНЫНА үш мәрте кірді және марапаттауларға ие болды.  
ШҚО әкімдігі ДС Ана мен бала орталығы Қоғамдастық Кеңесінің сараптамалық бағалауының нәтижелері бойынша «2015 жылғы Шығыс Қазақстан облысының үздік медициналық ұйымы» ретінде марапатталды. 

Төменде көрсетілген мекенжайы бойынша орналасқан:
ШҚО, Өскемен қаласы, Өтепов к. 35,37, Ворошилов к.149/2, Потанин к. 8, Серікбаев к. 1/3.
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі тел: 60-30-62
Тіркеу тел: 57-38-75, 55-06-28, 54-48-91,21-04-69, 21-04-71, 21-86-98, 53-97-74
Факс: 60-38-30, сайт: http://www.cmr.kz/



 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 12.04.2017