Шығыс-Қазақстан облысының ақпараттық-медициналық орталығы

Шығыс-Қазақстан облысының ақпараттық-медициналық орталығыӨскемен қ.

1999 жылы Бүкіләлемдік банк қаржыландыратын денсаулық сақтауды жетілдіру жобасы (Аймақтық бағдарлама, «ПМСП –ны дамыту»). ШҚО Әкімінің 24.01.2001 ж. № 982 шешімімен Шығыс-Қазақстан облысы денсаулық сақтау жүйесінде 16-бірлік штат санынан тұратын «Ақпараттық-медициналық орталық» Мемлекеттік мекемесі құрылды.

 Мекеме қызметінің мәні мен мақсаты

Шығыс-Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ШҚО «АМО» ММ-не  21.06.01 жылғы  № 207 бұйрықпен қосымша функциялар берілді.

 Тарифтік саясат бөлімінің функциялары
ШҚО Әкімінің  12.06.2001 жылғы № 1067  шешімімен, ШҚО  «АМО» ММ-не қосымша функциялардың берілуіне байланысты 41-бірлік штат саны және құрылымы бекітілді.

 Басшы туралы мәліметтер
«ШҚО АМО» ММ директоры – Дюсупов Шәкірт Дюсупович, 12.07.1946 ж. туған. 1969 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірді. Институтты бітіргеннен кейін, Катонқарағай АОА-да дәрігер-терапевт, терапиялық бөлім меңгерушісі, медицина бөлімі бойынша бас дәрігердің орынбасары, ауданның бас дәрігері болып қызметтер атқарды. 1980 жылы «СССР денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталды. Әлеуметтік гигиена, денсаулық сақтауды ұйымдастыру және терапия бойынша жоғары біліктілік санатына ие. 1985-2003 жылдары Шығыс-Қазақстан облыстық медициналық бірлестігінде емханалық қызмет бойынша бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеді.  1989-2003 жж. облыстың терапиялық қызметін басқарып, Шығы-Қазақстан облыстық  денсаулық сақтау басқармасының бас терапеві болды. 2003 жылғы 17 қарашадан Шығыс-Қазақстан облысы «Ақпараттық-медициналық орталығы» Мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды. Үйленген, 2 қызы, 2 немересі бар. Көркем әдебиет оқумен, футболмен әуестенеді.

Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік медициналық мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін басқарады. Халықтың медициналық сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында, нарық және әлеуметтік артықшылықтарды ескере отырып, мекеменің дамуы мен жетілуі үшін барлық құрылымдық бөлімшелерді бірлесіп әрекет етуге жұмылдырады және жұмысты ұйымдастырады. Мемлекеттік мекеменің жергілікті бюджет, тапсырыс және несие берушілер алдындағы барлық міндеттері, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді. Экономикалық және әкімшілік басқару әдістерін үйлестіріп, мәселелерді шешу мен талқылауда әріптестерімен санасады. Облыстың ЕПМ-не озық технологиялардың енгізілуіне ықпал етеді.

Қабылдау сағаттары:

Тел/факс: 25-88-99

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 20.02.2017