Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бірлестігі

   Шығыс ҚазаҚстан Облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бірлестігі – бұл облыстың бас емдеу-алдын алу ұйымы. Халыққа мамандандырылған жоғары білікті медициналық көмек көрсету және облыстың емдеу алдын алу ұйымдарына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуі бірлестіктің  негізгі міндеті.
Ол өзінің тарихын Өскемен қаласының азаматтық ауруханасының базасында 10 төсекке қалалық емхана ашылғанда  1889 жылдан  бастаған. 40-шы жылдары аурухана  облыстық қызмет аясын орындайды, 1949 жылдан бастап ол облыстық бюджетке ауыстырылады және облыстық біріккен аурухана мәртебесін алады.

Юрий Борисович ПриходькоҰжымды Бас директор - жоғары санатты хирург- дәрігер, Халықаралық Ақпартану Академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Сапа Мәселелер Академиясының толық мүшесі, РФ жаратылыстану Академиясының профессоры, 1999 жылдан үш шақырылған облыстық мәслихатының депутаты - Юрий Борисович Приходько басқарады. 

Бірлестіктің құрамына 12 клиникалық, 7 параклиникалық бөлімшелер және 7 зертхана кіреді. Оның ішінде  облыстағы жалғыз ғана торакальды, жүрек-қантамырлық хирургия, проктология, ортопедия бөлімшелері; иммунология мен медициналық генетика зертханалары бар. Бірлестікте Шығыс Қазақстан облысындағы көруді жанасулық  түзету және көзді протездеу жалғыз зертханасы жұмыс істейді. Жеке көзді протездеу және жеке жанасулық түзету мәселесін шешуге зертхана жұмысы әрекет етті.
Науқастарды амбулаторлық қабылдау кеңес беру бөлімінде бір ауысымында қуаты 300 келуге дейін жетуімен жүзеге асырылады. Қабылдау екі ауысымда жүргізіледі.
2003 жылы күндізгі ауруханасымен амбулаторлық хирургия бөлімшесі ашылды, сондай-ақ медициналық көмектің ауруханалық алмастыру түрлеріне көшу жүзеге асырылды.
Шұғыл көшпелі көмек көрсету үшін көшпелі жоспарлы және шұғыл консультативтік көмек бөлімшесі бар. Ауылдан келген науқастар үшін пансионат жұмыс істейді. Қызметтік тұрғын үйлер бар.
Бірлестікте 800-дей қызметкерлер жұмыс істейді, оның ішінде 146 дәрігер, дәрігерлердің 70 пайызында біліктілік санаты бар, 7 медициналық ғылым кандидаты, 15 дәрігер «Денсаулық сақтау саласының үздігі» деген белгімен марапатталған.
2001 жылы бірлестік медициналық қызметтерінің 80 түрі бойынша медициналық ауруханалық, амбулаторлық жєне диагностикалық көмек көрсетуге лицензия алды.
Жүрек ырғағы бұзылуын емдеу және кардиохирургия бойынша бірлестікте әзірленген бағдарламалар кезең-кезең дамып жатыр. 2004 жылдан бастап жүрек ырғағының бұзылуының радиожиілік аблациясы бойынша операциялар өткізіледі.

БИОТОК – 500 К электрофизиологиялық қондырғы Радиожиілік абляция операциясы.
БИОТОК – 500 К электрофизиологиялық қондырғы
Радиожиілік абляция операциясы.

2007 жылдың аяғынан академик Е.Н.Мешалкин атындағы ҚП ҒЗИ кардиохирургтардың және Астана қаласының ҰҒМО көмегімен АКШ, жүрек ақауларындағы операциялар сапалы жаңа технологиялық деңгейінде қайта бастау алды.
2008 жыл үшін 129 коронарография, коронарлық тамырларын стентирлеу бойынша 35 операция, жүрекке 92 операция өткізілді.
Қазақстан Республикасының кардиологиялық және кардиохирургиялық көмегінің дамуының Мемлекеттік Бағдарламасы шеңберінде ШҚ ОМБ үшін 23 маман және облыс үшін 29 кардиолог дайындалды.
Бағдарламаны толық іске асырғанда  біздің халық облыс шетіне шықпай-ақ  сапалы кардиохирургиялық көмегін ала алады. Бұл  әлеуметтік-экономикалық және саясаттық көзқарасы жағынан маңызды.

Кардиохирургиялық операция бөлімін жабдықтау

 

Жүрек-қантамырлық хирургия бөлімшесіндегі операциядан кейінгі палата

 

Кардиохирургиялық операция бөлімін жабдықтау
Жүрек-қантамырлық хирургия бөлімшесіндегі операциядан кейінгі палата

Облыстық медициналық бірлестік мамандарының жігерімен ЭКГ  дистанциялық хабарлау бағдарламасы жетілдіріп және енгізіліп жатыр. 2006 жылдың 27 мамырында Қазақстанда алғаш рет, Шығыс Қазақстан облыс әкімі  қатысуымен осы бағдарламаның тұсаукесері өтті. Бұл әдістеме ЭКГ-ны науқастан электронды вариантпен компьютерлік желі және ұялы телефон арқылы облыстың әр жерінен ШҚ ОМБ-тің кардиологиялық бөлімшесіне лезде жеткізіледі. Білікті кардиологтар дұрыс диагнозын қоюға болысады және емдеу бойынша кепілдеме береді. Әдістеме облыстық орталықтың дәрігерлеріне облыстыњ ең аулақтанған бұрышындағы « науқастардың  пульсында қолын ұстай алуға» болысады.
2001 жылдың маусым айынан ұршық буындарын эндопротездеу және артроскопия бойынша операциялар жүзеге асырылды. 2008 жылдан бастап тізе буынын  протездеу басталды. 2008 жылдың аяғында ұршық буындарын эндопротездеу бойынша 300 астам операция, тізе буынын  протездеу бойынша 20 операция  өткізілді.

Бірлестікте іш қуысы органдарына, көкірекортаға, тамырларға, өңешке күрделі операциялар өткізіледі.
Көру мүшесінің патологиясы бар науқастарға жоғары деңгейінде көмек көрсетіледі, жасанды көз бұршағын имплантациялау операциялары жетілдіріліп жатыр.
Медициналық генетика зертханасы одан ары дамып жатыр, ұлттық Генетикалық тіркелімнің  облыстық Орталығы болып саналады. Ол  ана мен балалық қызметімен бірге  жанұя жоспарлау  мен балалардың дамуында туа біткен патологияның алдын алу бағдарламаларында белсенді қатысады.
Тез қарқында эндохирургия дамып келе  жатыр. Емдеудің  аз инвазивтік әдістері хирургияда ғана емес, гинекологияда және отоларингологиялық – мүшелерінің ауруларында қолданылады.
Бірлестік жаңа технологияларды енгізу ұшында әрқашанда тұрақты тұрады.     2002 жылы компьютерлік томография бөлімшесі ашылды, республикада бірінші болып ересектердің аутоиммуналдық тромбоцитопенияның интротерапиясын енгізді, 1996 жылы республикада жалғыз ғана шұғыл сонологиялық қызметі ұйымдастырылды. INTERNET-те тіркелген халықты теміртапшылық қаназдығынан сауықтыру бағдарламасы енгізіліп жатыр, 1979 жылдан бастап бейспецификалық жаралы колитке операциялар жасалады.
Біздің емделушілер және облыстың дәрігерлері үшін дигностикалық бөлімшелерінде өте қажетті зерттеулердің бір қатар жаңа әдістері енгізілді.
Ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінде сүйек-буын жүйесінің зерттеулері енгізілді.  Сонымен қатар балаларда осы патологияны зерттеу өте маңызды және мейлінше  қауіпсіз. Емшек безінің патологиясында ультрадыбыстық маммография енгізілді.Облыста алғаш рет ультрадыбыс бақылауымен бауыр жылауығына және плевра қуысына биопсия жасауы басталды. Барлық атаулы әдістер аса кең көлемінде өткізіліп жатыр. Лимфа жүйесі кең зерттеле басталды, организм тіршілігінің рөлі ақырғы жылдардың ғылыми жете зерттеулері көрсеткендей  тамырлық жүйесінен  аз болмаса көп емес.
Эндоскопия бөлімшесінде асқазан- ішек жолдар ауруларының диагностикасында аса кең видеоколоноскопия және ретроградтық холецистопанкреатография  қолданылады, бұл зерттеу түрі рентгенографиялық әдістерді  недәуір ығыстырады.
Функциялық диагностика бөлімшесінде кардиохирургия бойынша бағдарламасын даму үшін қажетті әдістер енгізілді. Бұл сирек туа біткен жүрек ақауларындағы жалған қарама-қарсы әдісі, перикард қуысындағы  суды анықтау және әдістердің басқа қатары.

Зертханалық диагностикада бауыр фукцияларын, жүректің сазып ауруын, атеросклерозды ерте кезде анықтау бойынша әдістер дамып жатыр. Бұл аурудың белгісі шықпағанша қанды талдау бойынша анықтауға көмектеседі. Бұл альфа-холестеринге, ферменттерге және т.б. зерттеулер. 2006 жылы иммунология зертханасының базасында ПЦР диагностика әдісімен  бауыр қабынуының генотипирлеуі  енгізілді.Шығыс Қазақстан  облыстық медициналық бірлестігі
Бедеуліктің себебін анықтау үшін және сыртқы ортанын жағымсыз факторларының ықпалын айқындау мақсатымен хромосомалардың құрылымдық өзгерістерін зерттеу үшін медициналық генетика зертханасында жаңа әдістер енгізілд
Республикада бірінші болып  РМҒА гематологиялық орталығымен бірге телемедицинаны енгізді, INTERNET жүйесі арқылы науқастың медициналық картасын және сүйек кемігі препараттарының суретін көрсетуімен. Бірлестік Томск Медициналық Мемлекеттік Академия клиникасының жүрек-қантамырлық хирургия бөлімшесімен, Мемлекеттік Новосибирск облыстық клиникалық ауруханасымен, Новосибирск қаласының академик Е.Н.Мешалкин атындағы Қанайналым Патологиясы  ғылыми-зерттеу институтымен тығыз қарым-қатынасады.

Бірлестікте емдеу процессі және диагностиканың сапасын жоғарылату бойынша тұрақты жұмыс өткізіледі.  Науқастарды емдеу және диагностиканың Мерзімді медициналық хаттамалары, гематологиялық науқастарды емдеу халықаралық хаттамалары  белсенді енгізіледі. 2002 жылдың қараша айында бірлестік Сапа Мәселелері бойынша Ресей Академиясыныњ  ұжымдық мүшесі болып сайланды. 2005 жылдың аяғында зертханалық бөлімі ГОСТ ИСО 9001-2002 сәйкестік сертификатын алды, сонымен қатар 2006 жылы Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бірлестіктің сәулелік диагностика бөлімі осы сәйкестік сертификатын алды.
Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бірлестіктің қызметкерлері облыстың ең алыс жерлеріне барып медициналық қызметкерлеріне кеңес-  әдістемелік көмек көрсетеді, емделушілерге кеңес беріп, медициналық қызметкерлеріне жаңа технологияларын оқытады.

2009 жылдың тамыз айында аккредитация процедурасынан өтті. Бірлестікте тегін медициналық көмектің кепілді көлемінде көрсетілетін мемлекеттік тапсырысын орындауынан басқа да ақылы диагностикалық, кеңес беру мен емдеу қызметтері көрсетіледі. Ақылы негізінде көрсетілетін қызметтерінің сұрақтары бойынша  коммерциялық бөлімінің анықтамалық бюросына телефон шалып білуге болады.

Аурухананың анықтамалық бюросының телефондары: 8(7232)262-801, 249-990
Кеңес беру бөлімінің тіркеу орнының телефондары: 8(7232)255-251, 259-941
Коммерциялық бөлімінің анықтамалық бюросының телефоны: 8(7232)254-422
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, 070004 Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 26
Телефаксы: 8 (7232) 25 60 34
e-mail: vkomo@vpnet.kz

Дата создания / изменения страницы: 01.02.2012 / 20.02.2017