Денсаулық сақтау

Медициналық мекемелер

Фармацевтикалық бақылау

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша ақпарат.

  1. 3 кезеңді іске асыру шеңберінде облыс әкімінің орынбасары ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізу бойынша облыстық штаб мүшелерінің жұмыс сапаларының бағдарламасын (жоспар-кесте) құрып бекітті.
  2. ШҚО денсаулық сақтау басқармасының, медициналық ұйымдардың сайттарында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің бөлімі орналастырылды (МӘМС бойынша бейнероликтер, жаднамалар, ақпараттық кестелер, 100 және 50 жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар, презентациялар), сондай-ақ «Facebook»  әлеуметтік торында МӘМС турадлы 60 астам мәлімет орналастырылды. Облыстың медициналық ұйымдарында ақпараттық материалдар (бейнероликтер, презентациялар, буклеттер, ақпараттық кестелер, жаднамалар таратылды.
  3. Облыс кәсіпорындары ұжымдарымен спикерлердің кездесулерінің кестесі құрылды. Жоспар-кестеге сәйкес облыс кәсіпорындары жұмысшыларымен кездесулер өткізілді. «500 ірі кәсіпорын» бағдарламасы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының 15 ірі кәсіпорындары ішінен 13 кәсіпорын ұжымдарымен кездесу өткізілді, 3017 адам қамтылды. МӘМС енгізу бойынша жұмыс берушілер және жеке кәсіпкерлер арасында кең көлемді ақпараттық түсіндіру жұмысы өткізілуде. 2017 жылдың 2 маусым – 7 шілде аралығында 39 081 кездесу өткізілді, 183 905 адам қамтылды. Кездесу барысында ақпараттық материал таратылды.
  4. Медиа-жоспарға сәйкес теледидар арқылы роликтер көрсетіледі (күніне 4 рет: 13 сағ., 17 сағ., 19 сағ., 21.30 сағ.); қоғамдық орындарда дисплейде көрсетіледі: Өскемен қ. 31 орында 75 дисплей тәулігіне 50 рет қайталанып көрсетілдеі, Семей қ. 15 орында 30 дисплей тәулігіне 50 рет қайталанып көрсетіледі.

«Қазақстан-Өскемен», «Қазақстан-Семей», «ТВК-6» телеарналарында, Өскемен қ. әуежайында, Семей қ. «Ақшың» базарында, Семей қ. теміржол бекетінде МӘМС бойынша бейнероликтер көрсетіледі.
Радиода «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша сұрақтар мен жауаптар» «Бұл өте маңызды» («Емханаға тркел») айдары ұйымдастырылды.

  1. «Нұр Отан» партиясы филиалдарында ақпараттық бұрыштар құрылды, күніне орташа шамамен алғанда 11-17 адам танысады, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына спикерлер бекітіліп, «бестіктердің» кезекшілері ұйымдастырылды, ақпараттық материал берілді.
  2. МӘМС бойынша қазақ және орыс тілдерінде 120 000 ақпараттық буклет шығарылып, халыққа таратылды.
  3. 2017 жылдың 31 мамыр – 8 шілде аралығында ШҚО аумағында «Саламатты Қазақстан» пойызы қызмет етті. 18 станция қамтылып, 40 000 астам адам тексерілді. Күніне 200-ге жуық адам тексерілді, сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру жұмысы да өткізілді (30-40 адам), барлығына ақпараттық материал таратылды.
  4. 2017 жылғы сәуірден бастап 8/7232/701-131/ нөмірі бойынша  Call-орталығы жұмыс істейді. Call-орталығының қызметкерлері үшін оқу өткізілді. Call-орталығының қызметкерлері МӘМС жүйесінде мәртебені анықтау және «еркін тіркелу» мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын өткізеді.
  5. Денсаулық сақтау басқармасы ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру нормаларын түсіндіру бойынша ШҚО тұрғындары арасында кең таралатын 500 мың дана «Рудный Алтай» және «Дидар» газетіне арнайы шығарылым дайындады.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 11.08.2017