USB интерфейсімен кілттерді заманауи тасымалдаушының базасындағы куәландырушы орталық

Тұрғындар мен бизнестің мемлекеттік аппараттың әртүрлі инстанцияларына жүгінген өтініштерін жылдам жәнеUSB интерфейсімен кілттерді  заманауи тасымалдаушының базасындағы куәландырушы орталық сапалы өңдеу қазіргі Қазақстанның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ, ақпараттың өзектілігін және мемлекеттік басқару органдары арасында олармен алмасуды  қолдаудың маңыздылығы зор. Осы және өзге де міндеттерді шешуге  халық пен биліктің өзара қарым-қатынасының әртүрлі процестерінен өтуде интерактивтілікті арттыру  және бақылау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы ақпараттық инфрақұрылымын дамыту бағытталған.

Аталған процесте ақпаратты қорғау, оның тұтастылығын сақтау және деректерді ұрлау мен оларды жеке өз мақсатына пайдалануға жол бермеудің орны ерекше.  Ақпаратты қорғау тізбегінің маңызды буынының бірі – Шығыс Қазақстан облысы Әкімі Аппаратының Куәландырушы орталығы болып табылады. Ол деректер мен оларды өңдеу құралдарына  қатынау құқын интерфейспен ауыспалы тасымалдаушыны қатаң екіфакторлы авторизациялау негізінде өңдеуді қамтамасыз етеді.  Авторизациялау SSL v3 клиенттік сертификаттарға құрылған, олардың технологиясы деректерді өңдеудің  көптеген заманауи технологиясымен  жүзеге асырылады.

Қазіргі күні мемлекеттік қызметшінің идентификаторы мен паролін біле тұра, оның қызметтік өкілеттіктеріне байланысты ақпараттық жүйе құрауыштарына қатынау оңай емесе.  Онымен қоса, осындай тасымалдаушы жоғалған немесе ұрланған жағдайда  онымен пайдалану мүмкін емес, себебі кілттің болуы ғана емес, оған қатынау коды қажет. Егер жоғалған немесе ұрланған жағдайда қызметші Куәландырушы Орталықтың қызметкерлерін хабардар етеді, ал олар кілтті қайта қайтару және жаңасын беру рәсімін орындайды. Осы рәсімнен кейін қатынау кодын біліп және қолында кілт болса да, ешкім онымен пайдалана алмайды.

Куәландырушы орталық Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық жүйесінің ресурстарына қатынаудың ыңғайлығын арттырып, басқаруды  орталықтандырады. Осымен қатар, қайта бөлу,  тағайындау және жүйедегі пайдаланушылардың өкілеттіктері мен  құқына тыйым салу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі.
Халық үшін бұл олардың өтініштеріндегі  деректерге тек қана олармен жұмыс істеуге құзырлығы бар қызметшілер ғана қатынау мүмкіндігіне ие бола алады дегенді білдіреді.

Дата создания / изменения страницы: 16.03.2012 / 20.02.2017