Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының резервтік сервері

Деректердің үнемі қатынаса алу мен қалтқысыздығын қамтамасыз ету міндетін шешу үшін Шығыс Қазақстан облысыШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының резервтік сервері әкімі аппаратының резервтік сервері құрылған. Ол алдыңғы қатардағы технологиялар негізінде шешім табу мен осы саладағы әлемдік тәжірибеге  сүйенеді.

Аталған шешім Microsoft Windows Server 2003 Enterprise Edition Cluster Services  кластерлік технологиясына құрылған. Ақпараттық жүйе сервистерінің басым бөлігі резервтік серверде қосарланады, ол негізгіден 3 километрге жуық аралықта  географиялық  қашықтықтатылған.
Негізгі сервер Облыстық әкімдік ғимаратында резервтік сервер қалалық әкімдік ғимаратында орналасқан.
Бұл негізгі сервердің тек қана техникалық себептермен  істен шыққан жағдайында  ғана емес, оны қамтамасыз ету электрлік қоректенудің ұзақ уақыт бойы іркілісімен немесе дүлей апаттарға  байланысты істен шыққанда оның қалтқысыздығын қамтамасыз етеді.

Шешім жұмысының принципі негізгі сервердің істен шыққан жағдайында барлық серверлер мен сервистердің резервтік серверге лезде  ауысуына негізделген.  Бұл жерде бір серверден екінші серверге ауысудың барлық процестері оператордың қатысуынсыз  автоматтық режимде өтетінін атап өткен маңызды. Және де өз өнімділігі бойынша резервтік сервер негізгі сервердің өнімділігіне тең. Ал оған байланыс  арналарының өткізу қабілеті негізгі серверде жаңылысу болған жағдайда ақпараттық жүйенің барлық клиенттері үшін жүз пайыздық қатынауға мүмкіндік береді. Бұл оптоталшық негізіндегі заманауи байланыс тізбектерін қолдану және деректерді Fibre Channel технологиясымен заманауи дискілер массивтерінде  қосарлаумен қамтамасыз етіледі.

Іс жүзінде негізгі серверде пайдаланушы үшін ештеңе болмағандай көрінеді. Жүйе оның сұратуларын ары қарай өңдеуді табысты жалғастыра береді. 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 16.03.2012 / 20.02.2017