ИСО 9001:2000 САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

ИСО 9001:2000 САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

"Мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiруге бағытталған шараларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 қыркүйектегi № 66 өкiмiн орындау мақсатында ШҚО мемлекеттік мекемелерінде  ИСО 9001:2000 сериялы халықаралық стандарттарын енгізу бойынша шаралар өткізілді.

Жобаның бірыңғай тұжырымдамасына сәйкес облыстың мемлекеттік мекемелері сапа менеджментінің МС ИСО 9001:2000 сәйкестігі жүйесін енгізу бойынша консалтингтік қызметтерді көрсету үшін «Қазақстандық сапа ұйымы» ЖШС мемлекеттік сатып алу келісім-шарттары жасалды.

Қазіргі уақытта 19 әкімдік және 16 облыстық басқармалар МС ИСО 9001:2000 талаптарына, сапа менеджменті жүйесіне сәйкес сертификаттар алды, атап айтқанда:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде СТ РК ИСО 9001:2001 стандарт талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесіне сәйкес ұлттық сертификаты;
-  МС ИСО 9001:2000 (International Quality  Network (IQNet) Дүниежүзілік сертификаттау торабы) талаптарына сәйкес келетін сапа менеджметі жүйесіне сәйкес халықаралық сертификат;
- Русский Регистр сертификаттау жүйесінде МС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесіне сәйкес сертификат.

Осы сертификаттау торабына әлемнің 38 елі кіреді.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 16.03.2012 / 20.02.2017