Ашық үкімет

2017 жылы Шығыс Қазақстан облысына "Ашық үкіметті" енгізу жөніндегі жұмыс жоспары

Өткен жылдың мамыр айында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің  дамыған 30 елдердің қатарына кіру мақсатында бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамдарды белгілеген. Солардың ішіндегі соңғы 10 қадам «Есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру» реформасын іске асыруға бағытталған.

Атап айтқанда, 94-ші қадамда Ашық үкіметті, ал 96-ші қадамда орталық мемлекеттік органдардың статистикалық деректер базасына онлайн-қолжетімділікті жүзеге асыру міндеттері белгіленген.

«Ашық үкіметтің» мақсаты - ашық және халық алдында есеп беруге міндетті  мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану болып табылады.

2015 жылдың 16 қарашасында «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңы қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Бұл Заңда Ашық үкімет порталдарында жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастыру үшін ережелер белгіленген.

Ашық үкімет мынадай 5 компонеттен тұрады: ашық деректер, ашық НҚА (нормативтік құқықтық актілер), ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау. Бес порталдың ішінен төрт портал қазіргі кезде жұмыс істеуде, ал мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалаупорталының іске қосуын ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асыру жоспраланып отыр.

Ашық үкімет

Ашық үкімет https://open.egov.kz/
Екі жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің  дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатында бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамдарды белгілеген. Солардың ішіндегі соңғы 10 қадам «Есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру» реформасын іске асыруға бағытталған.Атап айтқанда, 94-ші қадамда Ашық үкіметті  жүзеге асыру міндеттері белгіленген.
«Ашық үкіметтің» мақсаты - ашық және халық алдында есеп беруге міндетті  мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану болып табылады.
2015 жылдың 16 қарашасында «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңы қабылданған, Ашық үкімет порталдарында жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастыру үшін ережелер белгіленген.
Ашық үкімет мынадай 5 компонеттен тұрады: ашық деректер, ашық НҚА (нормативтік құқықтық актілер), ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау.

Ашық деректер https://data.egov.kz/

Ашық деректер – мемлекеттік органдардың машина оқи алатын түрде жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттардың орналасатын алаңы. Үлкен көлемде түрлендіріліп, өңделіп, соңынан сақталатын мемлекеттік органдардың ақпараттары көп жағдайда сол мемлекеттік органның мұражайында қалып қайта пайдаланбайды. Алайда, дұрыс пайдаланылған кезде, бұл ақпарат үлкен пайда әкелу мүмкін. Ашық деректер порталын жүзеге асырудың себебі–дәл осы мемлекеттік органдардың ақпараттарын пайдасыз жүк ретінде сақтамай, керісінше жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратқа айналдырып бір ресурста жариялау болып табылады.
Кез келген адам бұл ақпаратты қарап шығып, талдап, өңдеп,  өз жұмысында пайдалана алады. Бағдарламаларды жасаушылар осы ақпараттың негізінде сатуға болатын өнімді шығара алады. Қазір порталда 2 379 деректер жиынтығы қол жетімді, олардың негізінде 23 мобильді қосымшалар және сервистер құрылған .

Ашық нормативтік құқықтық актілер https://legalacts.egov.kz/

Ашық нормативтік құқықтық актілер – Ашық үкіметтің тағы бір компоненті болып табылады. Бұл портал қоғамдық бастамаларды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және де мемлекеттік органдардың шешімдерін сараптауға азаматтардың қатысуын қамтамасыз етеді. 
Осыған дейін электрондық үкімет порталында міндетті түрде мемлекеттік қызметтердің стандарттары талқыланған болса, «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңының қабылдануының арқасында барлық заң жобалары, нормативтік құқықтық актілер жобалары міндетті түрде нормативтік құқықтық актілер  интернет порталында қоғамдық талқылаудан өтеді.
Порталдың жұмыс істеу кезінен бастап нормативтік құқықтық актілердің жобалары және заң жобаларының тұжырымдамалары жарияланып талқылау үшін 17 000 жобалар орналастырылған.

Ашық бюджеттер http://www.budget.egov.kz
Портал азаматтардың мемлекеттік «бюджеттік жоспарлау» ұғымының тұжырымдамасымен тереңірек танысып,белсенді азаматтық позицияны бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылауы арқылы дамыту үшін құрылған.
Ашық бюджеттер порталында бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржы есебі мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпарат орналасқан. Сондай-ақ, бюджеттік бағдарлама жобаларының және өткен қаржылық жыл бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерінің қоғамдық талқылауы өтеді.
Қоғамдық талқылау, мемлекеттік бюджет қаражатын бөлу үрдісіне халықтың белсенді қатысуы арқылы, азаматтар мен үкімет арасындағы өзара қатынасты нығайтуға бағытталған. Азаматтар, мемлекеттік органдар ескеріп, алдағы жұмыстарында есепке ала алатын ұсыныстарды, бюджеттік бағдарламалар жобалары/бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептері бойынша ой-пікірлерді енгізуге құқығы бар.

Ашық диалог https://data.egov.kz/

Ашық диалог - мемлекеттік органдар мен жұртшылық арасындағы тиімді кері байланыс орнатуға арналған платформа.
Бұл компонент қамтиды:

Блок платформа арқылы мемлекеттік органның басшыларына (министрлерге, облыс әкімдеріне) сұрақтар қоюға болады. Электрондық үкімет порталында тіркелген жағдайда және оған абоненттік нөмір қосылған болса сұрау салуға қол қою қажет етілмейді. 2012 жылдан бастап блог-платформаға 195 мыңнан астам  өтініш түскен.
2008 жылдан бастап «электрондық үкімет» веб-порталында жүйелі түрде Жергілікті атқарушы органдары мүшелерінің қатысуымен Интернет- конференция өткізіледі. 2008 жылдан бастап өткізілген интернет-конференциялар саны 263 конференцияны құрады.
Бұдан басқа, порталда «Ұялы байланыс сапасына халықтық бақылау» сервисі бар, ол азаматтарға ұялы байланыс жұмысындағы әртүрлі іркілістер мен ұялы интернетке байланысты проблемалар туралы шағымдарды тікелей ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне және «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК жіберуге мүмкіндік береді.
«Сауалнама» жүйесі «электрондық үкімет» және «мобильді үкімет» қолжетімді арналарында сауалнаманы  құруға және жариялауға арналған. Жүйе SMS-хабарламалар, мобильді қосымшалар, «Ашық диалог» порталындағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ, әлеуметтік ресурс арқылы сауалнамалардан өтуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, порталда «Ұялы байланыс сапасына халықтық бақылау» сервисі бар, ол азаматтарға ұялы байланыс жұмысындағы әртүрлі іркілістер мен ұялы интернетке байланысты проблемалар туралы шағымдарды тікелей Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызметіне» жіберуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау https://evaluation.egov.kz/

Бұл компонент азаматтар мен үкімет арасындағы өзара іс-қимыл мен қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған.
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауда интернет- порталдың  азаматтарға берер мүмкіндіктері:
- Мемлекеттік органдардың бағалау жүйесімен танысуға;
- Әрбір мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау нәтижелерін жалпы түрінде  және блок бөлінісінде көре алады;
- Мемлекеттік органдарының бағалау әдісіне сәйкес рейтингтерін қарай алады;
- Орталық мемлекеттік органдардың стратегиалық жоспарларының орындалу барысының есебімен және жергілікті атқарушы органдардың аумағындағы дамыту бағдарламасының іске асу есебімен таныса алады;
- Мемлекеттік органдардың тиімділігін көпшілік алдында талқылауға  қатыса алады. 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 25.11.2016 / 07.11.2017