WАР-сайт акима Восточно-Казахстанской области

Шығыс қазақстан облысы әкімінің wap-сайты

http://wap.akimvko.gov.kz.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ WAP-САЙТЫҚазақстан Республикасында «электрондық үкімет» мемлекеттік бағдарламасы және Шығыс Қазақстан облысында «электрондық әкімдік» құру бағдарламасы аясында  ұялы байланыс желісін пайдаланушыларға wap қызметін қолдана отырып, Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық ресурсына қол жеткізуіне мүмкіндік туады- http://wap.akimvko.gov.kz.

Wap-сайт - қазіргі ұялы телефондардың көмегімен қарауға арналған, Интернет ғаламдық желісіндегі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілді беті. Бұл бетте Шығыс Қазақстан облысының атқарушы органдарының қызметі, мемлекеттік, медициналық,  білім беру және т.б мекемелердің мекен-жайы, телефоны, сондай-ақ, ресми мәлімдемелер, жаңалықтар туралы қысқаша ақпараттар.

WAP (Wireless Application Protocol) – бұл Internet сервисінің кеңеюі үшін әзірленген жаңа стандарттар жиынтығы.  Сервисқа ұялы телефондар, пейджерлер және  қалта компьютерлері арқылы қол жеткізуге болады. WAP протоколын әзірлеуді WAP Forum- тәуелсіз  ұйымдары үйлестіреді. Бұл ұйымдардың қатарына ұялы телефондарды, аппараттық қамтамасыз ету, желі операторлары, сервиспен жабдықтаушы, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етудің алдыңғы қатарлы  өндірушілері жатады.
Желілік компонент протоколдың қолданбалы және транспорттық деңгейін де іске асырады. WAP – мәліметтер байткод түрінде жеткізіледі. Мұның өзі берудің төмен емес жылдамдығын барынша тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Wap қолдану үшін, wap-браузерлі ұялы телефон болу міндетті, аталған қызметті, өз ұялы байланыс операторыңызбен байланысу арқылы қосқызуыңызға болады. 
Бұл елде баламасы жоқ, өте сирек жоба. Аталған ресурстың жағымды жақтары қызықтырған ақпаратты іздеудің жеңілдігі ғана емес, жылдамдығы және кез келген уақытта қол жеткізу мүмкіндігі. Барлық ұсынылған мәліметтер орыс тілінде және бас сайттан қайталанады, сондықтан да өзекті және  шынайы болып келеді. Келешекте нұсқаны мемлекеттік тілде әзірлеу жоспарлануда. Бүгінгі күні сайтты 3 753 адам қолданады.

Дата создания / изменения страницы: 16.03.2012 / 20.02.2017