Өкілді билік порталы

http://www.deputate.gov.kz

2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты электрондық қызмет орталығына біріктіру арқылы өкілетті биліктің (облыстық, аудандық деңгейдегі) порталын жасаған.

http://www.deputate.gov.kz порталы- мәслихаттардың депутаттары мен азаматтарға бір-бірімен өзара байланыс жасауға бірегей мүмкіндік туғызатын инновациялық шешім.

Бұл портал Шығыс Қазақстан облысының барлық мәслихаттарының ақпараттарын шоғырландырған. Әр мәслихаттың (облыстық, аудандық) барлық қажетті ақпараттары орналастырылған өз web-парағы ашылған.
Депутаттық портал азаматтарға кең ауқымды қызметтер ұсынады. Мұнда мәслихаттардың жұмыс түзімі, қабылдау сағаттары, тұрақты комиссиялар отырыстарының өтетін күндері туралы анықтамалық ақпараттар да орналасқан. Әр депутат туралы да ақпарат алуға, оның сайлауалды бағдарламасымен, өмірбаянымен, депутаттық қызметімен танысуға болады. Сонымен қатар, мысалға, мәслихат сессиялары қашан өтетіні, онда қандай мәселелер қаралатыны туралы да білуге болады. Одан басқа, қазір депутаттармен он-лайн түзімінде де хабарласып, оларға сұрақ қойып, жауап алуға болады. Олар да арнайы мемлекеттік порталда орналастырылады.

Өкілді билік порталы

Бұл сайтта сіз біздің мемлекеттік орган, оның құрылымы туралы біліп, оның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен таныса аласыз, оларды көшіріп алу мүмкіндігі де бар.

Бұлардан басқа портал мәслихат депутаттарына қызметтік бөлім жұмысын, яғни ішкі электрондық құжат айналымын жүргізуді де қарастырған.
Қорыта келгенде, өкілетті органның http://www.deputate.gov.kz порталы бірнеше өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі:
- әртүрлі деңгейдегі депутаттық корпус арасында ақпарат алмасуды жолға қояды;
- азаматтардың биліктің өкілетті органдарының қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
- биліктің өкілетті органдарының жұмысын ашық және жариялы етеді;
- азаматтар мен депутаттар арасында ашық пікір алмасу арқылы депутаттар мен сайлаушылардың өзара қарым-қатынасын жеңілдетеді.

Өкілетті орган сайтының жаңалықтары күнделікті жаңартылып отырады. Ақпаратты сіз мемлекеттік және орыс тілдерінде ала аласыз.
Қазіргі уақытта сайтты көркемдеу, ақпаратпен толықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Электрондық қызметтер көрсету үшін басқа мемлекеттік органдардың сайттарымен интеграциялану.

Өкілді билік порталы

Сайт картасын қолданудағы қарапайымдылық іс жүзінде барлық дерлік жағдайларда сайттың құрылымы мен оны толықтыруда тез бағыттануға мүмкіндік береді. Тігінен және көлденеңінен жақсы үйлестірілген мәзір жүйесі сайттың құрылымын қабылдау мен ақпарат іздеуді жақсартады.
Халықпен «кері байланыс» орнату мүмкіндігі қарастырылған: мемлекеттік сатып алуларға, басқа мемлекеттік органдарға, виртуалды қабылдауға сілтемелер.
Өткен сессия отырыстары мен мәжілістердің фотосуреттерін көру үшін сайтта сурет галереясы орналастырылған.

Өкілді билік порталы

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 16.03.2012 / 20.02.2017