Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктері веб-сайттарының конкурсы 2010 жыл

ШҚО веб-сайттарының VI конкурсы – 2010!

Заннама Ереже

Облыстың мемлекеттік және мемлекеттік емес органдары web-сайттарының алтыншы конкурсы - өтінімдерді қабылдау басталды!

 

    Өтінім беру мемлекеттік органдар үшін
      мемлекеттік емес органдар үшін

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты Облыстың мемлекеттік және мемлекеттік емес органдары web-сайттарының жыл сайынғы Кокурсының басталғаны туралы хабарлайды.

Осы конкурстың басты мақсаттары:
1. облыс мемлекеттік органдарының веб-ресурстары құрамын ары қарай жетілдіру және мазмұнды толтыру үшін жағдай жасау;
2. қолданыстағы веб-сайттарда әкімдіктер және мемлекеттік органдармен көрсетілетін электрондық қызметтердің сапасын көтеруге мүмкіндік жасау;
3. әкімдіктер және мемлекеттік органдарының жұмыс істеп тұрған веб-сайттарына қоғамдықтың назарын аудару, онда ұсынылған электрондық қызметтердің талаптылығын көтеру;

Өткізу мерзімі: ағымдағы жылдың 11 қазаны – 1 қарашасы.
Нәтижелер желтоқсанның аяғында шығарылады

Облыстың мемлекеттік және мемлекеттік емес органдары веб-сайттарының конкурсы облыстың үздік электрондық ақпараттық ресурстарын анықтауды және жеңімпаздарды марапаттауды көздейді.
Қолданыста веб-сайттары бар Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мекемелері, қалалар мен аудандар әкімдіктері, облыстық департаменттер мен басқармалар, мемлекеттік емес ұйымдарды конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы силықтар және облыс әкімінің дипломдарымен марапатталатын болады.

Электрондық және баспа түріндегі өтінімдер «ШҚО әкімінің аппараты» ММ, Өскемен қ. М. Горький к.ғ 40 үй, каб. 433 қабылданады,
тел. 8 (7232) 24-45-61, эл.пошта: portal@akimvko.gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы веб-сайттарының VI жыл сайынғы конкурсының қорытындысы туралы

Шығыс Қазақстан облысының веб-ресурстарын ары қарай дамыту және жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңiстiгiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн дамытудың тұжырымдамасы аясында Шығыс Қазақстан облысы веб-сайттарының VI конкурсы болып өтті.

Бұдан басқа 2011 жылдан бастап «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметтерінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы іске қосылады.
Оны іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығымен «Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау әдіснамасы» бекітілді. Әдіснаманың критерилерінің бірі «Мемлекеттік органдардың сайттарында орналасқан ақпараттардың толықтығы, сапасы және дер кезілігі» болып келеді. 
Алты жылдық тәжірибе осындай конкурстарды өткізу мемлекеттік құрылымдардың жеке сайттарын құру және дамытудағы белсенділігін көтеруге ықпал жасайтынын көрсетті.

Былтырғы жылмен салыстырғанда веб-сайттар саны едәуір көбейді: егер 2007 жылы облыс қалалары, аудандары әкімдерінің және облыстық басқармалардың 18 сайты, 2008 жылы 37 сайты, 2009 жылы 46 сайты жұмыс істеп тұрған болса, онда 2010 жылы ол  50 сайт  болды.
Шығыс Қазақстан облысы веб-сайттарының алтыншы конкурсы шығысқазақстандық интернет-кеңістікті дамыту тапсырмаларын шешуге арналған. 

Конкурстың негізгі мақсаты:

- облыстың мемлекеттік органдары веб-ресурстарын құрамын және мазмұнды толтыруын бұдан әрі жетілдіру үшін жағдай жасау;
- қолданыстағы web-сайттардағы әкімдіктер және мемлекеттік органдармен ұсынылатын электрондық қызметтердің сапасын көтеруге көмектесу;  
- әкімдіктер және мемлекеттік органдарының жұмыс істеп тұрған веб-сайттарына қоғамдықтың назарын аудару, онда ұсынылған электрондық қызметтердің талаптылығын көтеру;
- Шығыс Қазақстан облысының үздік электронды ақпараттық ресурсын анықтау.
- Интернетте мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту.

Қазылар алқасы құрамына:

- «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры,
- Қоғам дамуын ақпараттық қолдау қоры;
-  «Восток Он-лайн» компаниясы,
- облыс мемлекеттік органдарының (Өскемен қ., Семей қ., тілдерді дамыту басқармасы) өкілдері кірді.
Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының 29 сайты қатысты.
- облыс қалалары мен аудандарының 14 сайты;
- жергілікті бюджеттен қаржыланатын 7 облыстық басқарма;
- облыстың аумақтық бөлімшелерінің 3 сайты;
- мәдени-әлеуметтік саладағы мемлекеттік мекемелердің 5 сайты.
Мемлекеттік органның сайты ала алатын жалпы ең жоғарғы дауыс 100 баллды құрайды.
Конкурстың нәтижесін шығару сарапшылармен арнайы үлгілер мен ұсыныстарды толтыру, жүлделі орындарға және номинацияларға үміткерлерді анықтау арқылы жүзеге асырылды.
Сайттардың конкурсын өткізу мерзімі 2010 жылдың 11 қазанынан 24 желтоқсанға дейін.
Жеңімпаздарды марапаттау 2010 жылдың 24 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кеңейтілген отырысында өтті.

Категория: Мемлекеттік органдардың сайттары.

Конкурс номинациялары бойынша жеңімпаздар жиналған дауыстардың жинақ санына байланысты бөлінді:

«Үздік ақпараттық толтырылым» номинациясы Шығыс Қазақстан облысы Статистика департаментінің сайтына www.shygys.stat.kz беріледі.
Керемет ақпаратық ресурс, көптеген аналитикалық және статистикалық ақпараттар. Мұнда Шығыс Қазақстан облысы қызметінің барлық салалары бойынша есептер берілген, демографиялық көрсеткіштер, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік-экономикалық жағдай, кіші бизнес, туризм және тағы басқалар.
   
«Үздік Usability сайт» номинациясы Аягөз ауданы әкімдігінің сайтына ayagos.vko.gov.kz берілді.
Бұл сайт сауатты құрылған, стилді ұстанған, сауатты көркем әрленуі бар.
   
«Үздік дизайнерлік шешім» номинациясын Бородулиха ауданының әкімдігіне boroduliha.vko.gov.kz беру туралы шешім қабылданды.
Бұл сайт бірегей стильде орындалған, сауатты жинақталған, пайдалануға ыңғайлы және қарапайым, әдемі дизайн, сайттың құрылымы нақты және түсінікті.
   
«Мемлекеттік тілдегі үздік веб-сайт» номинациясының жүлдегері Зырян қаласы әкімдігінің сайты akimzyrian.gov.kz болып танылды.
Құрылымы нақты және түсінікті. Тақырыптық айдарлары, статистикалық, аналитикалық ақпараттары және жаңалықтар лентасы тұрақты және жылдам жаңартылып тұрады. Тілдік нұсқасы сай келеді. Сайт бойынша іздеу қарапайым және ыңғайлы. Ақпараттар толық және дәлелді, қолжетімді үлгіде ұсынылған.
   
Осы жылы бірінші рет конкурста арнайы «Сайт-еңбекқор» номинациясы пайда болды. Осы номинация қажырлығы және өз сайтын жүйелі толық жетілдіргендігі үшін Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына www.e-priroda.gov.kz беріледі.  Сайт үнемі біздің конкурстарға қатысады, және жыл сайын оның деңгейі өсуде, олар барлық ұсыныстарды назарға алып, оларды  жылдам жөндейді.

Бұдан әрі Қазылардың шешімі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Веб-сайттар конкурсында 3-орын Семей қаласы әкімдігінің сайтына www.akimsemey.gov.kz беріледі.
Бұл сайттың жүктелу жылдамдығы жоғары. Ерекше әріптер дұрыс жазылған, граматикалық, орфографиялық және стилистикалық қателер жоқ. Жаңалықтық мақалалары керемет сапасымен ерекшеленеді. Бұл сайттың ерекшелігі «Online-қызметтер» - мұнда бар виртуладық сервистерге сілтемелер жинақталған, ол әуе және темір жол билеттеріне тапсырыс беру, және электрондық оқулықтар, және әр түрлі банк қызметтері.
Семей қаласы әкімдігінің сайты облыс әкімінің грамотасымен марапатталып, сыйға тасымалы қатты диск алады!
   
2 орын Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің сайтына www.oskemen.kz беріледі.
Сайттың құрылымы қарапайым және түсінікті, берілген ақпараттар анық, жаңалықтар бағаны үнемі жаңартылып отырады және ақпаратты қабылдауды жеңілдететін суреттермен безендірілген. Сайт әртүрлі халық топтарына пайдалы, көп пайдалы статистикалық, аналитикалық және динамикалық ақпараттардан тұрады.  
Өскемен қаласы әкімдігінің сайты облыс әкімінің грамотасымен марапатталып, сыйға принер беріледі!
   
Сонымен 1 орын Мұрағат және құжаттама басқармасының сайтына www.arhiv.vko.gov.kz беріледі.
Сайтта ұсынылған материалдардың толықтығы мемлекеттік органдары веб-сайттарының әзірленуі мен жұмыс істеуін регламенттейтін талаптарға сай келеді. Ыңғайлы сыртқы келбет, әдемі дизайн, сайттың құрылымы түсінікті, ақпаратты жаңартудың өзектілігі және жылдамдылығы.
Жеңімпазға облыс әкімінің грамотасымен сандық фотоаппарат ұсынылады.

Категория: Мемлекеттік емес органдардың сайттары.

 «Үздік туристік сайт» номинациясы  «Климовка» демалу базасының www.klimovka.kz сайтына берілді!
Сайт потенциалды клиенттер үшін ақпаратпен жеткілікті толтырылған. Үнемі жаңартылып отыратын келушілердің картасы, демалу базасының суреттемелік танымалдылығы қызықты шешім болып келеді. Сайт демалу базасының әкімгеріне сұраныс жіберуге мүмкіндік береді. Демалу базасына әр түрлі көлікпен қалай жетуге болатыны туралы өте ыңғайлы ақпарат ұсынылған. Алуан түрлі фото және бейне материалдар, ұсынылатын қызметтер туралы толық көрініс құруға мүмкіндік береді.
   
«Үздік интерактивтік сайт» номинациясында жеңімпаз болып бірауыздан «Өскемендегі № 1 сайт» – www.yk.kz! атанды.
Сайт жақсы құрамдалған, пайдалануға ыңғайлы, қала өмірі туралы, анықтама ақпараттар, әр түрлі тақырыптағы хабарландырулар туралы оперативтік ақпараттардың көп саны бар. Әр түрлі материалдарды талқылауға қатысу, өз пікірін айту мүмкіндігі сайтты пайдаланушылар үшін тартымды етеді.
   
Үздік корпоративтік сайт» номинациясы «АЗИЯ АВТО» акционерлік қоғамының www.aziaavto.kz ресми сайтына берілді!
Сайт клиенттердің нақты санатына бағытталған ақпаратпен өте жақсы толтырылған. Сайттың навигациясы өте ыңғайлы. Осы категориядағы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейтін жалғыз сайт.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 16.03.2012 / 08.11.2013