Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктері WEB-сайттарының конкурсы 2009 жыл

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының сайттарын толық жетілдіру бойынша жалпы ұсыныстар

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік емес органдар WEB-сайттарының конкурсы 2009 жыл

ШҚО веб-сайттарының V конкурсы - 2009!

Заңнама

Комиссия мүшелерінің тізімі

Сайттарды бағалау әдістемесі

Біздің демеушілеріміз

Сөйтіп, міне енді облыс әкімінің жүлдесіне кезекті Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдары веб-сайттарының V-ші конкурсы сөреде тұр.

Бұл қандай конкурс?

Бұл Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында әзірленген, Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдары сайттарының жыл сайын өтетін конкурсы. 

Кім ұйымдастырады және кім қатысады?

Конкурсты Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған. Конкурсқа жеке сайты бар кез-келген мемлекеттік орган қатыса алады. Сондай-ақ, конкурсқа өз сайттары бар мемлекеттік емес органдар да қатыса алады. Олар бойынша облыс әкімінің сайтында электрондық еркін дауыс беру өткізілетін болады.

Конкурсқа қалай қатысуға болады?

Конкурстық жұмыстар Ережесі және талаптарымен танысу, тіркеуден өту және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz ресми сайтында өтінішті толтыру.

Конкурсты өткізу мерзімдері?

1. 2009 жылғы қазан айының 1-нен 20 дейін - өтінім беру.
2. 2009 жылғы қазан айының 20-нан 30 дейін – конкурстық комиссияның өтінімдерді қарастыруы.
3. 2009 жылдың ортасында – жеңімпаздарды марапаттаумен соңғы іс-шара (Өскемен қаласында).

Конкурстың мақсаты неде?

- облыстың мемлекеттік органдары веб-ресурстарын құрамын және мазмұнды толтыруын бұдан әрі жетілдіру үшін жағдай жасау;
- қолданыстағы web-сайттардағы әкімдіктер және мемлекеттік органдармен ұсынылатын электрондық қызметтердің сапасын көтеруге көмектесу;  
- әкімдіктер және мемлекеттік органдарының жұмыс істеп тұрған веб-сайттарына қоғамдықтың назарын аудару, онда ұсынылған электрондық қызметтердің талаптылығын көтеру;
- сайтты әйгілеу үшін кең аудиторияны тарту;
- сарапшылардан сайт жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар, пікірлер және кеңестер алу.

Көмек үшін кімге хабарласуға болады?

«ШҚО әкімінің аппараты» ММ, Өскемен қ-сы, М.Горький көшесі, 40 үй, тел. 8 (7232) 24-45-61, 203- 300, электрондық пошта portal@akimvko.gov.kz Саидова Марина Николаевна немесе KTokhmoldina@akimvko.gov.kz Тохмолдина Қарлығаш Жәнібекқызы.

Конкурсқа қатысушылардың барлығына сәттілік және шығармашылық жеңістер тілейміз!   

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдары веб-сайттарының V жыл сайынғы конкурсының қорытындысы

2009 жылғы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында Шығыс Қазақстан облысы веб-сайттарының V конкурсының нәтижесі шығарылды. Жеңімпаздарға Шығыс Қазақстан облысының әкімі дипломдар және бағалы силықтар табыс етті.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктері WEB-сайттарының конкурсы 2009 жыл 1 орынды Зайсан ауданының zaysan.vko.gov.kz. веб-сайты иеленді.
Бұл сайттың жүктелу жылдамдығы жоғары. Керемет дизайн, құрылымы нақты және түсінікті. Тақырыптық айдарлары, статистикалық, аналитикалық ақпараттар және жаңалықтар тізбегі үнемі және жылдам жаңарып отырады. Тілдік нұсқалары бір-біріне сәйкес келеді. Сайт бойынша іздеу қарапайым және ыңғайлы. Нақты ақпараттар қолжетімді түрде жазылған.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктері WEB-сайттарының конкурсы 2009 жыл 2 орын Ұлан ауданының  www.ulan.vko.gov.kz/kz/ сатына берілді.
Сайтта ұсынылған материалдардың толықтығы, мемлекеттік органдар веб-сайттарын өңдеу және жұмыс істеуі регламентіндегі талаптарға сәйкес келеді. Аудан және ауылдық округ әкімдерінің тапсырмалары, байланыс телефондары толық ұсынылған. Ыңғайлы интерфейс, сайттың құрылымы түсінікті, ақпараттардың өзектілігі және жаңарту жылдамдығы.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктері WEB-сайттарының конкурсы 2009 жыл 3-орынды веб-сайттар конкурсында дауыстардың жинақ саны 102,6 баллмен ШҚО Статистика департаментінің  www.shygys.stat.kz сайты алды.  
Керемет ақпаратық ресурс, көптеген аналитикалық және статистикалық ақпараттар. Мұнда Шығыс Қазақстан облысы қызметінің барлық салалары бойынша есептер берілген, демографиялық көрсеткіштер, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік-экономикалық жағдай, кіші бизнес, туризм және тағы басқалар.
   
«Үздік ақпараттық толтырылым» номинациясы Өскемен қаласының www.oskemen.kz сайтына берілді.
Сайттың құрылымы қарапайым және түсінікті, берілген ақпараттар анық, жаңалықтар бағаны үнемі жаңартылып отырады және ақпаратты қабылдауды жеңілдететін суреттермен безендірілген. Сайт әртүрлі халық топтарына пайдалы, көп пайдалы статистикалық, аналитикалық және динамикалық ақпараттардан тұрады.
   
Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктері WEB-сайттарының конкурсы 2009 жыл «Үздік Usability сайт» номинацияны Курчатов қаласының kurchatov.vko.gov.kz. сайтына берілді.
Бұл сайттың құрылғанына бірақ жыл болды. Былтырғы жылы ол «Жыл ашылымы» номинациясымен белгіленген болатын. Бұл сайт сауатты құрылған, стиль бойынша ұстамды, суреттермен сауатты әрленген. 
Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктері WEB-сайттарының конкурсы 2009 жыл «Үздік дизайнерлік шешім» номинациясын Өскемен қаласы білім беру бөліміне  www.oouk.vko.gov.kz/ru/ беру шешімі қабылданды.
Бұл сайт бірыңғай стильде орындалған, сауатты жинақталған, пайдалануға ыңғайлы және қарапайым. Сайттың дизайны керемет, нақты және түсінікті.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктері WEB-сайттарының конкурсы 2009 жыл «Мемлекеттік тілдегі үздік веб-сайт» номинациясын Семей қаласының akimsemey.gov.kz. сайты иеленді.
Бұл сайт қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Өзгеше әріптер анық және дұрыс көрсетілген, орфографиялық және стилистикалық қателері жоқ. 
Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктері WEB-сайттарының конкурсы 2009 жыл Арнайы «Үздік жемқорлыққа қарсы сайт» номинациясы Катон-Қарағай ауданының katon-karagay.vko.gov.kz/ru/ сайтына берілді. Бұл сайт «электрондық әкімдіктің» мөлдірлік, ашықтық және қолжетімділік сияқты маңызды қағидаттарын аса толық көрсеткен. Оның беттерінде барлық жергілікті чиновниктердің табыстары жөнінде есеп берілген! 
Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктері WEB-сайттарының конкурсы 2009 жыл «Сарапшылар көзайымы веб-сайты» номинациясы Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық университетінің www.ektu.kzсайтна берілді.
Бұл сайт сарапшылармен жиі ескеріліп отырған болатын.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 16.03.2012 / 20.02.2017