ШҚО меморгандары веб-сайттарының конкурсы 2014 жыл

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдары web-сайттарының конкурсына қатысу үшін өтінім ОСЫ жерде беруге болады!  


Заңнама Ереже

 

Осы конкурстың басты мақсаттары: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты Облыстың мемлекеттік  органдары web-сайттарының жыл сайынғы Кокурсының басталғаны туралы хабарлайды.

  1. облыс мемлекеттік органдарының үздік интернет-ресурстарын анықтау;
  2. қоғамдықтың назарын қалалар, аудандар әкімдерінің және облыстық басқармалардың веб-сайттарына аудару болып келеді;
  3. қалалар, аудандар әкімдерінің және облыстық басқармалар сайттарында халыққа көрсетілетін электрондық қызметтердің сапасын көтеру және сұранысының көбейтуге көмектесу;

Өткізу мерзімі: ағымдағы жылдың 20 қазаны – 20 қарашасы. 
Нәтижелер желтоқсанның басында шығарылады.

Облыстың мемлекеттік  органдары веб-сайттарының конкурсы облыстың үздік электрондық ақпараттық ресурстарын анықтауды және жеңімпаздарды марапаттауды көздейді. 
Қолданыста веб-сайттары бар Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мекемелерін, қалалар мен аудандар әкімдіктерін, облыстық департаменттер мен басқармаларды конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Электрондық және баспа түріндегі өтінімдер «ШҚО әкімінің аппараты» ММ, Өскемен қ. М. Горький к.ғ 40 үй, каб. 433 қабылданады, 

тел. 8 (7232) 24-45-61, эл.пошта: portal@akimvko.gov.kz


Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдары сайттарының Х жыл сайынға конкурсының нәтижесі туралы ақпарат  

2014 жылғы 29 желтоқсанда облыс әкімі ғимаратының мәжіліс залында Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдары сайттарының  Х жыл сайынғы конкурсының жеңімпаздарын марапаттау өтті.

 2014 жылғы конкурсқа мемлекеттік органдардың 45 Интернет-ресурсы қатысты.

Әділқазылар құрамына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, Ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Астана қ-сы), «Ұлттық ақпараттық технологияла» АҚ, «Восток Он-лайн» компаниясы, «Экология-Молодёжь-Инициатива-Развитие» қоғамдық қоры өкілдері кірді.

Номинациялар келесідей бөлінді:

1. «Әкімдіктер арасындағы үздік ақпараттық толтырылым» номинациясын Жарма ауданы әкімінің сайты иеленді.

2. «Басқармалар арасындағы үздік ақпараттық толтырылым» номинациясын Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы иеленді.  

3. «Үздік Usability сайт» номинациясы бойынша Көкпекті ауданы әкімінің сайты жеңімпаз атанды.

4. «Үздік дизайнерлік шешім» номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық соты мен Абай ауданы әкімінің сайттары жеңіске жетті.

5. «Мемлекеттік тілдегі үздік веб-сайт» номинациясында Өскемен қаласы әкімінің сайты жеңімпаз атанды.

6. «Электрондық қызметтерді жылжытқаны үшін» атты арнайы номинация Тарбағатай ауданы әкімінің сайтына берілді.

7. «Сарапшылар көзайымы web-сайты» номинациясында Ұлан ауданы әкімінің және Бородулиха ауданы әкімінің сайттары жеңіске жетті.

  8. «Үздік орфографиялық және стилистикалық ресімдеу» номинациясын облыстық жер қатынастары басқармасы мен Аягөз ауданы әкімінің сайттары бөлісті.

9. Басқарманың/Департаменттің үздік сайт болып Төтенше жағдайлар департаменті атанды.

10. Әкімдіктің үздік сайты болып Бесқарағай ауданы әкімінің сайты атанды.

11. Сонымен Гран При ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына берілді.

Жеңімпаздардың барлығы облыс әкімінің грамотасымен марапатталды.  

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.10.2014 / 29.12.2014