«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі

Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі бағдарламасына сәйкес, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі» жобасы аясында, 2006 жылдан бері  ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысының қала және аудандары сәулет бөлімдері мен ономастика бойынша комиссияларында  «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін тәжірибелік пайдалануға енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. 

Аталған жобаның мақсаты  бірыңғай мекенжай тіркеуін құру, Қазақстан Республикасы территориясындағы тіркелген жылжымайтын мүлік объектілерінің тұрған жері, әкімшілік-территориальдық бірліктер, олардың бөліктері жөнінде ақпараттар ұсыну,  объектілерді  тіркеу және бақылау есебі саласында мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелері арасында өзара байланыс орнату.

Жобаның қатысушылары Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссия, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару бойынша агенттігі және облыстық және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар ( ономастика бойынша комиссиялар және сәулет бөлімдері) болып табылады.
Республика көлемінде  «Мекенжай тіркелімі» АЖ толтыру бойынша Шығыс Қазақстан облысы көш басында келеді.

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне жауапты тұлғалармен 23 114 өзгертулер негізілді.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 16.03.2012 / 20.02.2017