Электрондық мұрағат ШКО нормативтік - кұкыктық актілерін жүргізудің анықтама жүйесі (2005-2007 жж.)

2007 жылдың қыркүйек айынан бастап, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында облыстық әкімдікЭлектрондық мұрағат ШКО нормативтік - кұкыктық актілерін жүргізудің анықтама жүйесі (2005-2007 жж.) қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерді жүргізудің анықтама жүйесі немесе электрондық мұрағат жасалды. Осы үшін 2005-2007 жылдар аралығындағы қағаз құжаттар электрондық түрге аударылады және осы құжаттар қорының ары қарайғы толтырылуы олардың қабылдануы бойынша қамтамасыз етіледі.

Қазіргі күнде қағаз мұрағат құжаттарын сканерлеу бойынша жұмыс ұйымдастырылған.
ШҚО нормативтік-құқықтық актілерін жүргізудің анықтама-ақпараттық жүйесі мәліметтер қорына ақпаратты А4 қағаз құжаттарынан Adobe Searchable PDF немесе Microsoft Word (doc, rtf) формат файлы түріне енгізуді қамтамасыз етеді.

Жүйеде бірқатар пайдаланушылар деңгейі бар:

-  администратор құжаттарды тіркейді, құжаттың мінездемесін өзгертеді.
- пайдаланушы web-ресурстардың көмегімен ақпаратқа қол жеткізуге, құжатты қарауға мүмкіндік алады, өз қол жетімділік деңгейіне сәйкес, құжаттар бойынша толық мәтінді іздеу жасай алады.

Анықтама-ақпараттық жүйе Microsoft шешімдерінің негізінде жүзеге асырылған. Пайдаланушылардың USB кілттер арқылы аппаратты авторланғанын қолдап, авторизация нәтижесі бойынша пайдаланушының қол жеткізу деңгейін анықтайды. Құжаттар мұрағатына облыс әкімдігінің интранет порталы арқылы қол жеткізу мүмкін болады.
Осындай жолмен облыс халқы мен мемлекеттік қызметшілер, өңір үшін өмірлік маңызды  барлық шешімдер туралы анық ақпараттар алады.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 16.03.2012 / 20.02.2017