«Жеке тұлғалар есебі» (ЖТЕ деректер қоры)

Сайлаушылар тізімін қалыптастыру мақсатында  облыста ЖТЕ- жеке тұлғалар есебі маңызды мәліметтер қоры«Жеке тұлғалар есебі» (ЖТЕ деректер қоры) құрылды.

Оның мақсаты :
- әділет органдарында жеке тұлғалардың көші-қонын тіркеу және есепке алу;
- тіркелген жеке тұлғаларды бірнеше белгілері бойынша іздеу;
- сайлаушылардың маңызды тізімін жедел қалыптастыру.
Бағдарлама келесі мүмкіндіктерді қарастырады:
- әділет басқармасының мәліметтер қорын құрамдас бөліктерге бөлу: аудан, елді мекен, сайлау учаскесі бойынша;
- аудандардағы  енгізілген өзгерістерді бірыңғай мәліметтер қорына салу;
- сайлаушылар реквизитінің дұрыс толтырылуын тексеру (жеке басы куәлігінің нөмірі №, туған күні және т.б.).

2005 жылдың аяғында ҚР Президентін сайлау алдында бағдарлама бірінші рет қолданылды. Бұдан ары сайлаушылардың мәліметтер қорындағы мәліметтерді жандандыру жұмыстары жалғастырылды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша жеке тұлғалардың толық мәліметтер қорын қалыптастыру үшін АХАЖ бөлімдері, сондай-ақ Әділет департаменті және оның аудандардағы бөлімдерінің бірлескен жұмыстары жолға қойылған.
Облыстың қала және аудан әкімдіктерінде түйіскен сайлау учаскелерінің сайлаушылары жөніндегі  мәліметтерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының  сайлаушылары мәліметтер қорының дәлдігі 98,56 %-ды құрайды.
Сайлауға дайындық іс-шараларын жетілдіру мақсатында  халыққа жаңа интерактивті қызмет ұсынылды. Бұл қызмет Шығыс Қазақстан облысында «электрондық әкімдік» құрудың өңірлік бағдарламасы аясында әзірленген. Әр тілек білдіруші өз сайлау учаскесінің мекенжайын білуіне болады, сондай-ақ Интернет арқылы сайлаушылар тізімінен өзі туралы жеке мәліметтерді тексере алады. Бұл үшін облыс әкімінің ресми сайтына www.akimvko.gov.kz  немесе  Электрондық қызмет орталығының сайтына www.е-vko.gov.kz   кіруге  болады.

Жеке мәліметтерде дәл емес  мәліметтер ұшырасқан жағдайда, тұрғындарға қажетті өзгерістер енгізу үшін тиісті аудан, қала әкімдігіне хабарласу ұсынылады. Осы қызметке сайлау алдындағы кампания кезеңінде  2505  өтініштер тіркелген.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 16.03.2012 / 20.02.2017