МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ КӨЛІК ЖЕЛІСІ (БКЖ)

Облыс мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік желісі (БКЖ) Шығыс Қазақстан облысының территориясында
 орналасқан мемлекеттік органдар мен мекемелер арасындағы ақпараттық алмасуды қамтамасыз ететін телекоммуникациялық ішкі құрылымнан тұрады.

БКЖ орталығы ШҚО әкімі аппаратында орналасқан «жұлдыз» тәріздес топологияға ие.  Қазіргі заманға сай телекоммуникациялық жабдықтарды және бөлінген байланыс арналарын пайдалану жоғары технологиялық параметрлерді қамтамасыз етеді: мәліметтерді беру жылдамдығы 256 Кбит/сек. дейін, заңсыз қолданудан қорғау, пайдалану сенімділігі.
Қазіргі таңда БКЖ құрамына  әр түрлі деңгейдегі бюджеттік мемлекеттік мекемелер кіреді. БКЖ-ға 2006 жылы 28 мемлекеттік органдар, 2007 жылы 23 мемлекеттік органдар қосылды. Келешекте БКЖ-ға қосылған мекемелердің тізбесін бірталай ұлғайту көзделуде.

БКЖ аясында әр түрлі қызметтерді іске қосу жоспарлануда, соның қатарында Интернет және Электрондық қызмет орталығына бірыңғай қорғалған шлюз арқылы қол жеткізуді ұсыну.  2007 жылғы маусымда  Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми сайты www.akimvko.gov.kz    мен Электрондық қызмет орталығының сайты Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік желісі сегментіне орналастырылды. Яғни, мемлекеттік органдардың қызметшілері Интернет әлемдік желісіне шықпай-ақ, сайтқа кіре алады.
БКЖ құрамына БКЖ басқа сегменттерінен, сондай-ақ сыртқы желілердің енуінен қорғайтын, қажетті маршрутизацияны қамтамасыз ететін жабдықтар енеді. БКЖ әкімшісіне On-Line режимінде мәліметтерді беру арнасын жүктеуді бақылау мүмкіншілігі қамтамасыз етілг

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 16.03.2012 / 11.04.2017