Шығыс-Қазақстан облысының электрондық мемлекеттік сатып алулары

Қазіргі  кезеңде Электрондық қызмет орталығында Шығыс-Қазақстан облысының «Электрондық мемлекеттік сатып алулар»  ақпараттық жүйесі дайындалуда.

Шығыс-Қазақстан облысының электрондық мемлекеттік сатып алуларыОблыс әкімінің тапсырмасымен Шығыс-Қазақстан облысы «Электрондық мемлекеттік сатып алулар»  ақпараттық жүйесінің жобасы жасалды. Аталған жоба ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігіне және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на келісуге жіберілді.
Жүйенің жұмыс үлгісі:

  1. Тапсырыс беруші мемлекеттік органдар  «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» АЖ-нің жабық бөлігінде сандық сертификат арқылы тендер жайында ақпарат орналастыруға міндетті. Қаазіргі таңда электрондық мемлекеттік сатып алуларды енгізген пилоттық мемлекеттік органдар анықталды: 19- қала, аудан әкімдіктері және 21- департаменттер мен басқармалар. Жүйемен жұмысқа жауапты тұлғалар  анықталып, сандық сертификат беру үшін мәліметтер жиналды.
  2. Өкілді орган (Қаржы департаменті, қаржылық бақылау)  орналасқан ақпараттың  «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңға сәйкестігін тексереді. Өкілді орган растағаннан кейін, тендер туралы ақпарат ЭҚО «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» айдарына кірушілердің барлығы үшін қол жетімді болады.
  3. Тапсырыс жеткізушілер үшін әр жаңа жарияланған тендер туралы хабарлама жіберуге жазылу ұйымдастырылған.
  4. Өз баға ұсыныстарымен конкурсқа қатысуға өтінім беруге, барлық тендерлік құжаттарды алуға, сондай-ақ конкурсқа қатысу үшін құжаттарды орналастыруға - тіркелген пайдаланушылардың ғана құқы бар.

Тапсырыс жеткізуші  Қазақстандық Ұлттық куәландырушы орталықтан сандық сертификат алғаннан кейін «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» АЖ-нің тіркелген пайдаланушысы бола алады.

  1. Тендер өткізу уақытында ЭҚО барлық берілген өтінімдерді қарастыруға  болады.
  2. Конкурс өткеннен кейін тапсырыс беруші (мемлекеттік органдар) Электрондық Қызмет Орталығының ашық бөлігінде тендер нәтижесін жариялауға міндетті.

Электрондық мемлекеттік сатып алулар жүйесін құрудың нәтижесі сатып алу есебіне бөлінетін бюджет қаржысын тиімді қолдану болып табылады:

  1. конкурстық құжаттауды рәсімдеуге байланысты шығындарды үнемдеу;
  2. тапсырыс жеткізушілердің көбінің хабарлануы арқасында сатып алу бағасының төмендеуі және олардың арасындағы бақталастық;
  3. ақпараттық алмасудың жылдамдауы және бірқатар операцияларды жүзеге асыру үшін электрондық құжатайналымын қолдану.

Сондай-ақ, бақылау тиімділігі артады- сату барысы, қорытынды есептер, конкурс қорытындысы, процесс туралы барлық ақпарат өкілді тұлғаның қолында болады.
Мәселелер:
Жүйені табысты енгізуге бірқатар факторлар әсер етеді:

  1. ШҚО бойынша тендерді ұйымдастырушылардың үлкен саны ( мемлекеттік органдардың барлығы ақпаратты электрондық үлгіде орналастырмайды);
  2. оқытылған кадрлардің тұрақсыздығы;
  3. заңнамадағы өзгерістер;
  4. электрондық өтінім берген жағдайда, оған ашылғанға дейін  қол сұғылмайтындығына, жүйені ұйымдастырушыларға сенімсіздік;
  5. потенциалды тапсырыс жеткізушілердің сандық сертификат алуға уақыт кетіруі.

Аталған мәселені шешу үшін ҚР ақпараттандыру және байланыс Агенттігіне сандық сертификаттарды халыққа және Шығыс-Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлеріне тарату үшін Қазақстандық Ұлттық куәландыру орталығын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ аймақтық өкілдігі негізінде ұйымдастыру ұсынысы жіберілді. Оңды жауап алынды. Қыркүйек айында аймақта куәландыру орталығын ашу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта тапсырыс беруші (мемлекеттік орган) конкурсқа қатысуға тек өз ұсыныстарын қағаз және электрондық үлгіде «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» АЖ арқылы берген тапсырыс жеткізушілерді ғана жіберуге міндетті болып саналатын, облыстық әкімдіктің «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» жөнінде Қаулы жобасы дайындалуда.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 16.03.2012 / 20.02.2017