Шығыс Қазақстан облысының электрондық қызмет орталығы
«Электрондық қызметтер орталығы»
ШҚО мемлекеттік органдарының виртуалды қабылдауы

Шығыс Қазақстан облысында «электрондық әкімдік» құрудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы аясында облыс әкімінің аппараты Электрондық Қызмет Орталығын (ЭҚО) www.e-vko.gov.kz. құрды.

 

2017 жылғы 15 қарашада облыстық әкімдігінің «Электрондық қызметтер орталығы» (ЭҚО) порталының жаңа нұсқасы шығарылды

Порталдың жаңа нұсқасында дизайны жаңартылып, ШҚО ЖАО өтініш беру рәсімі жеңілдетілді, енді өтінішті ЭЦҚ пайдалану арқылы ғана емес, аты-жөнін, БСН және мекен-жайын көрсетіп беруге болады.

Электрондық қызметтер орталығының жаңа нұсқасында «Мемлекеттік қызмет алудың тәртібі» тарауы қосылды. Осы тарауда пайдаланушылар мемлекеттік қызметті қалай, қандай мерзімде, қандай түрде (электронды немесе қағаз түрінде) алатындығы, осы үшін қандай құжаттар және облыс аудандарының қандай жергілікті атқарушы органдарына жүгінуге болатындығы туралы ең толық ақпаратты алуға болады.

Қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет бойынша ұсынылатын ақпараттың сапасын порталға тіркелмей және авторизациядан өтпей бағалауға болады.

Қызмет көрсетудің сапасын бағалау үшін келесі өлшемдер бойынша қай келген сұраққа жауап беруге болады: қызмет көрседутің мерзімі, қызметкерлердің біліктілігі мен игілігі, қызметтің талаптары, жемқорлық және т.б.

Егер пайдаланушы рыза болмаса және мемлекеттік қызмет көрсетідің сапасына шағымданғысы келсе, бұны «Виртуалды қабылдау бөлмесі» тарауы арқылы жасауға болады.

«Виртуалды қабылдау бөлмесі» тарауында жергілікті атқарушы органдарына – облыстың аудан, қала әкімдіктеріне, басқармаларына шағым жасауға болады. Өтінішті қарау кезеңдерін қадағалау үшін пайдаланушыға жеке кабинет ұсынылады. Жеке кабинетте пайдаланушы өзінің өтінішіне жауап немесе қызмет көрсетуден бас тартудың сепептерін түсіндірумен бас тарту туралы хабарландыру алады.

Мемлекеттік қызметтер туралы және қызмет көрсету сапасының бағасы туралы ақпаратты ыңғайлы түрде алу үшін, өтініштерді ыңғайлы беру үшін «ШҚО Электрондық қызметтер орталығы» мобильді қолданбасы шығарылады.

Мобильді қолданбасы IOSи Android жүйелеріне қолжетімді болады.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 16.03.2012 / 24.11.2017