Резервтер

Мемлекеттiк ќызметтiѕ кадр резервi туралы
Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ 2003 жылєы 4 желтоќсандаєы N 1243 Жарлыєы

16 Кб

     

Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызметшілердің саны

2012 жылдың 1 сәуіріне Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы және өкілетті органдарында мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 3624 бірлік құрады. Соның ішінде 291 бірлік саяси қызметшілер.

Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 3422 адам, соның ішінде 279 саяси.

Мемлекеттік қызметшілердің арасындағы әйелдер саны
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында әйелдер саны 1947 немесе 56,8 пайыз.

Мемлекеттік қызметшілердің жасы.
Облыс бойынша мемлекеттік қызметшілердің орта жасы – 42,4.
29 жасқа толмаған қызметшілер саны 574 адам (16,8 пайыз),
30-дан -39-ға дейін – 867 адам (25,3 пайыз),
40-тан 49-ға дейін – 849 адам (24,8 пайыз).
50 жастан жоғары – 1132 (33,1 %).

Мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейі.
2850 мемлекеттік қызметші жоғары білімді, ол 83,2 пайызды құрайды, соның ішінде экономикалық, техникалық және педегогикалық білімді мамандар басым.
Бірнеше жоғарғы білімдері бар мемлекеттік қызметшілер 397 (11,6 %) адам.
Облыс бойынша жергілікті атқарушы органдарда он бір ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері жұмыс жасайды, 3 мемлекеттік қызметші «Болашақ» бағдарламасының түлектері.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға өткізілген конкурстар.
2012 жылдың 1 тоқсанында 98 бос лауазымға конкурстар өткізілді, соның ішінде «С» санаты тобы бойынша 37 бос лауазым, «Д» санаты тобы бойынша - 10, «Е» санаты тобы бойынша - 51.
Конкурстарға барлығы 502 адам қатысты, соның ішінде 270 - әйел адам (53,7 %).
Облыс көлемінде бір ваканттық орынға конкурсқа 5 адамнан қатысты.
Конкурстар қорытындысы бойынша 87 үміткер жеңімпаз болып танылды, соның ішінде 28 әйел адам (32,1 %).

Мемлекеттік қызметтің кадрлық резерві.
2012 жылғы қаңтардың 1-не кадр резервінде 189 адам тіркелген.
2012 жылдың 1 тоқсанында 78 азамат резервке қойылды, солардың ішінде конкурстық комиссия шешімі бойынша – 76 азамат, аттестациялық комиссия шешімі бойынша - 2 азамат.
2012 жылдың 1 тоқсанында 73 азамат кадр резервінен жұмысқа орналастырылды.
Кадр резервінде тұру мерзімінің өтуіне байланысты 19 адам кадр резервінен шығарылды.
2012 жылғы наурыздың 31-і жағдай бойынша кадр резервінде 175 адам тіркелген.

Әкімшілік мемлекеттік лауазымға ауысу тәртібімен тағайындау жайлы.
2012 жылдың 1 тоқсанында Басқармамен 363 мемлекеттік қызметшінің ауысу тәртібімен тағайындалуына келісім берілді.
Соның ішінде, жоғары лауазымдарға 148 қызметші, тең лауазымдарға – 167, төменгі лауазымдарға 48 мемлекеттік қызметші ауыстырылды.
Басқармамен 19 мемлекеттік қызметшінің ауысу тәртібімен тағайындалуына келісім берілмеді, оның ішінде 7 - біліктілік талаптарға сай келмейтіндіктен, 12 мемлекеттік қызметшілердің құжаттары заңға сәйкес көрнектелмегендіктен кері қайтарылды.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 20.03.2012 / 06.11.2012