«Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсы!

Хабарландыру!

Құрметті «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсының қатысушылары!

2018 жылғы15 наурызда Республикалық конкурсқа қатысу үшін өтінім қабылдау аяқталды.

Қазіргі уақытта  Қазақстан бойынша450-ден астам мемлекеттік қызметші  конкурсқа қатысуға ниет білдірді.

Республикалық конкурстың бірінші кезеңін өткізу шеңберіндебайқауға қатысушыларды бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды  білу бойынша тестілеу қарастырылған.

Барлығы 5 құжат бойынша 50 тестілік сұрақ («Қазақстан – 2050» Стратегиясы,«Қазақстан – 2025»,«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»Президент жолдауы10.01.2018, «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары)ұсынылған.

Әр бір сұраққа жалғыз дұрыс жауабы бар 5 жауап нұсқасыұсынылады. Дұрыс жауапқа 2 балл қойылады, ең жоғары саны 100 баллды құрайды.

50 және одан жоғары балл жинаған қатысушылар конкурстың келесі кезеңі –өңірлік әңгімелесуге (өңірлік конкурстық комиссия мүшелерімен әңгімелесу)  жіберіледі.

Бірқатар облыстарда және өңірлердесу тасқынына салдарынан төтенше жағдай хабарланғандықтан, алыс аудандардағы қатысушылардың қозғалысына қиындық келтіруіне байланысты, тестілеуді өткізу 2018 жылдың
7 сәуіріне ауыстырылды (тестілеу сағат 10-00 да, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі,63 мекенжайында өткізіледі).

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 29.03.2018 / 29.03.2018