Мемлекеттік қызмет

Атауы: Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӨЛҚҰЖАТЫ   

    Қызмет көрсетілетін орын

    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті алушылар

    жеке мен заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берілген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
    2) рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;
    3) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 (жиырма) минут.

    Қажетті құжаттар

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
    Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдағанының растау ретінде өтінішті қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, қабылдау күні көрсетілген, еркін нысандағы талонды беру болып табылады.

    Қызметтің құны

    тегін

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
    Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
    Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
    Шағымда көрсетіледі:
    1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (жеке тұлға үшін);
    2) атауы (заңды тұлға үшін);
    3) пошта мекенжайы.
    Шағымның шығыс нөмірі және күні көрсетілген қызметті алушымен қол қойылады.
    Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілген қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
    Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

    Өзге талаптар

    Көрсетілетін қызметті алушының, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдардың жеке өзі келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.
    Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары көрсетілген қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған: көрсетілген қызметті берушінің ресми сайттарында.
    Көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің мәртебесі мен тәртібі туралы ақпарат қашықтан қол жеткізу режимінде бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Министрліктің анықтамалық қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75 44 39, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77.

     

     







    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 13.01.2014 / 22.06.2016