Мемлекеттік қызмет

Атауы: Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Қызметті оn-linе алу 

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӨЛҚҰЖАТЫ   

    Қызмет көрсетілетін орын

    Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының мәдениет саласы (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) жүзеге асырады.
    Өтініш қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру:
    1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесі;
    2)www.egov.kz «электрондық үкiмет», www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті алушылар

    жеке және заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттiк қызмет көрсетудің мерзiмi:
    1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде – 15 (он бес) жұмыс күнi;
    2) көрсетiлетiн қызметтi берушiде құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес)минут;
    3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
    Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
    Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді түрде бас тартады.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) өтініш білдірген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшін қажеттi құжаттар тiзбесi:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге:
    -жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның сенімхаты немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат (жеке тұлға үшін) (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    -осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
    -тарих және мәдениет ескерткiшi туралы мәтiндiк және бейнелiк ақпаратты қамтитын жобалау құжаттамасы.
    2) порталға:
    -осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысандағы өтiнiш;
    -өтінішке қоса тiркелетiн, тарих және мәдениет ескерткiшi туралы мәтiндiк және бейнелiк ақпаратты қамтитын жобалау құжаттамасының электрондық көшiрмесi.
    Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар, ғылыми-рестраврациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензия туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден - «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы алады.
    Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:
    1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiштiң көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу туралы белгi, сонымен қатар құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда) өтiнiштiң қағаз жеткiзгiште қабылданғанын растау болып табылады;
    2) портал арқылы – көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алатын күн, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн өтініш қабылдау туралы белгі көрсетiледi.

    Қызметтің құны

    тегін

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге келiсiм хатын беру.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің басшысының атына, не Министрліктің: www.mks.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының басшылығының атына беріледі.
    Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.
    Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:
    1) жеке тұлға үшін – тегі (бар болған жағдайда), аты, жөні, пошталық мекен-жайы;
    2) заңды тұлға үшін – атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмері және мерзімі көрсетіледі.
    Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде құжаттың тіркелуі (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi), шағымды қабылдаған қызметкердің аты, жөнi мен тегi (бар болған жағдайда), берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiлуі оның қабылдағанын растау болып табылады.
    Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралады. Шағымды қарау нәтижесi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
    Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
    Шағым портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.
    Мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
    Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшелігі мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы келген жағдайда: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
    Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн орынның мекенжайы:
    1) Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде;
    2) порталда орналастырылған.
    Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi ЭЦҚ болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкiндiгi бар.
    Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары көрсетiлетiн қызметтi берушiнің интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

     


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.10.2014 / 27.05.2016