Мемлекеттік қызмет

Атауы: Наркологиялық ұйымнан анықтама беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    Мемлекеттік қызмет төлқұжаты  

    Қызмет көрсетілетін орын

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
    1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ХҚО);
    2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті алушылар

    жеке тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
    1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды көрсетілетін қызмет берушіге тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) сағат;
    2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
    3) көрсетілетін қызметтің алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 2 (екі) сағаттан аспайды.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды:
    көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚО-ға:
    - Жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат;
    - заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (кәмелетке толмағандар үшін);
    - қамқоршының жеке басын куәландыратын және қамқоршылықты растайтын құжат (әрекет етуге қабілетсіздік деп сотпен танылған тұлға үшін).
    Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

    Қызметтің құны

    ақылы

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
    -ХҚО-да – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру;
    -денсаулық сақтау ұйымдарында – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру.
    Нарколог-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
    Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсететін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
    Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсететін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркегеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шара қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
    Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
    Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz, интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде немесе көрсетілетін қызмет берушінің үй-жайларында орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mzsr.gov.kz. интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

     

     

    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 14.10.2014 / 26.05.2016