Мемлекеттік қызмет

Атауы: Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӨЛҚҰЖАТЫ   

    Қызметті көрсету орны

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, селолардың, селолық округтердің әкімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
    1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы);
    2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті алушылар

    жеке және заңды тұлғалар

    Қызметті көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
    1) Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап:
    -1-кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау - 28 жұмыс күні;
    -2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келісуі және жер-кадастрлық жұмысы қызметіне ақы төлеуі кезінде - жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару - 22 жұмыс күні;
    -толық құжаттар пакеті ұсынылмаған кезде өтінішті қараудан бас тарту - 2 жұмыс күні;
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту - 14 жұмыс күні.
    2) құжаттар пакетін тапсыру үшін ең ұзақ жол берілетін кезек күту уақыты - 15 (он бес) минут;
    3) ең ұзақ жол берілетін қызмет көрсету уақыты - 15 (он бес) минут.
    Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не: заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенімхат бойынша уәкілетті өкілі):
    Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
    1-кезең:
    1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    2) жер учаскесін орналастыру схемасы;
    3) жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
    -түпкілікті таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін ақы төлеуді өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген жер таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, Мемлекеттік корпорация келісілмеген жер таңдау актісін жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;
    2-кезең:
    1) келісілген түпкілікті жер таңдау актісі;
    2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
    Өтініш беруші хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде екі данада уақытша жер пайдалану шартына қол қояды. Өтініш берушінің қолы қойылмаған уақытша жер пайдалану шартын қолдану мерзімі жеті жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, Мемлекеттік корпорация жер учаскесін ұсыну туралы шешімін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күшін жою үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.
    Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
    Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
    Порталға:
    1-кезең:
    1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    2) жер учаскесін орналастыру схемасының электрондық көшірмесі;
    -түпкілікті жер таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмысқа ақы төлеуді өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген жер таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, Мемлекеттік корпорация келісілмеген жер таңдау актісін көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;
    2-кезең:
    1) электрондық құжат нысанындағы түпкілікті келісілген жер таңдау актісі;
    2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
    Өтініш беруші хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша жер пайдалану шартына қол қояды. Өтініш берушінің қолы қойылмаған уақытша жер пайдалану шартының қолдану мерзімі жеті жұмыс күнін құрайды.
    Өтініш беруші қол қойған уақытша жер пайдалану шарты тіркеу және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жолданады.
    Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.
    Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
    Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат ұсынылған кезде (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) қолхат негізінде жүзеге асырылады.
    Түпкілікті жер таңдау актісін келісу мерзімі өткен жағдайда Мемлекеттік корпорация нәтижені үш жұмыс күні ішінде сақтауды қамтамасыз етеді. Үш жұмыс күні өткен соң Мемлекеттік корпорация қызмет берушіге құжаттарды жою үшін жібереді және көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметтің тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
    Көрсетілген мерзімде уақытша өтеулі (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) жер пайдалану шартын жасасу мерзімі өткен жағдайда, Мемлекеттік корпорация қол қойылмаған уақытша жер пайдалану шартының қызметті алушыны хабардар ете отырып, күшін жою үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.
    Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрату қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты (егер қағаз тасығышта берілске, алынған жерді көрсету қажет) көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
    Порталда электрондық сұрату көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

    Қызметтің құны

    ақылы

    Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер-кадастр жоспарын (1-қосымша) және уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
    Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды және оны жер қатынастары бойынша өкілетті органында тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі тіркеу үшін жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға жібереді.
    Жер учаскесін жеке тұрғын үй салу үшін сұраған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының өтініші (қолдаухаты) арнайы есепке алынады және бөлуге арналған алаңдар дайын болғанда не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақ болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып қанағаттандырылады.
    Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

    Шағымдану тәртібі

    Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі лауазымды тұлғасының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
    1) шағым Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Министрлік басшысының атына беріледі;
    -шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады;
    -шағымның қабылдағанын растау шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады;
    2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі;
    -қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады;
    3) портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
    Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен», көрсетілетін қызметті алушы өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
    Шағымда:
    1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;
    2) заңды тұлғаның - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
    Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол беріледі.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

    Өзге де талаптар

    Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.
    Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде;
    3) Мемлекеттік корпорацияның www.g2c.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.



    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 05.06.2015 / 21.06.2016