Мемлекеттік қызмет

Атауы: Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Қызметті оn-linе алу 

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӨЛҚҰЖАТЫ

    Қызметті көрсету орны

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
    3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті алушылар

    жеке және заңды тұлғалар

    Қызметті көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап немесе порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні.
    Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
    Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметтерді беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қатыстырудан дәлелді жазбаша бас тарту береді.
    Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
    2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
    3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
    -көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
    1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    3) іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданының жоспары (схема);
    4) іздестіру жұмыстарын орындауға берілген тапсырманың көшірмесі.
    Құжаттардың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
    -порталға:
    1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық өтінім;
    2) іздестіру жұмыстарын жүргізу учаскесі жоспарының (схемасы) электрондық көшірмесі;
    3) іздестіру жұмыстарын орындауға берілген тапсырманың электрондық көшірмесі.
    Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар), жер учаскесіне сәйкестендіру және құқық растау құжаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады;
    Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
    Көрсетілетін қызметті берушіге - қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі болып табылады.
    Мемлекеттік корпорацияға - көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
    -порталға - «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
    Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.
    Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

    Қызметтің құны

    тегiн

    Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулы (бұдан әрі рұқсат) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1 тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
    Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді және басып шығарылады.

    Шағымдану тәртібі

    Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші Министрлік басшысының атына: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша беріледі.
    Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
    Шағымның қабылдағанын растау шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
    Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
    Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады;
    Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
    Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен», көрсетілетін қызметті алушы өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
    Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
    Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
    Шағымда:
    1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;
    2) заңды тұлғаның - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
    Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
    Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

    Өзге де талаптар

    Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.
    Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;
    2) Мемлекеттік корпорацияның www.g2c.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.

      

    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 13.10.2014 / 15.02.2017