Мемлекеттік қызмет

Атауы: Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    Мемлекеттік қызметтің төлқұжаты      

    Қызмет көрсетілетін орын

    Мемлекеттік қызметті көлік саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Алматы, Павлодар, Өскемен және Теміртау қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті алушылар

    жеке және заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні.
    Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
    Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудан бас тартады.
    2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
    3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінге кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге:
    -қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    -мемлекеттік тіркеуге жататын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізбесі;
    -меншік құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    -дайындаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір бірлігіне техникалық паспортының (формулярының) көшірмесі;
    -тіркеу алымының төленгенiн растайтын құжат.
    Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шығару үшін:
    -еркін нысанындағы өтініш;
    -қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
    -қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы актінің не закымдануы туралы, Қазақстан Республикасынан тыс пайдалану үшін әкете отырып, сату туралы құжаттың көшірмесі;
    2) порталда:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    -меншік құқығын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
    -дайындаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір бірлігіне техникалық паспортының (формулярының) электрондық көшірмесі;
    -ЭҮТШ арқылы төлем жағдайын қоспағанда, тіркеу алымының төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
    -Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шығару үшін:
    -еркін нысанындағы өтініштің электрондық көшірмесі;
    -қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
    -қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы актінің не закымдануы туралы, Қазақстан Республикасының шегінен тыс пайдалану үшін әкете отырып, сату туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
    Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу) туралы, ЭҮТШ арқылы төлем жағдайын қоспағанда, тіркеу алымының төленгенiн растайтын құжат туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
    Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
    -көрсетілетін қызметті берушіге (қолма қол немесе пошта байланысы арқылы) қағаз тасығышта өтінішті қабылдаудың растау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатты беру болып табылады.
    -портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

    Қызметтің құны

    ақылы

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекет қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тiркеу туралы куәлік және (немесе) қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізілімінен қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шығару туралы хабарлама беру.

    Шағымдану тәртібі

    Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
    -шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не тиісті облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - Әкімшілік) басшысының атына беріледі.
    Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе элекртондық түрде немесе көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
    Шағымның қабылданғанын растау қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімшіліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), болып табылады.
    Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті  бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
    Шығымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
    Шағымда:
    -жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ, қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
    -заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қол қоюға тиіс.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталында («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.



    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 05.06.2015 / 26.08.2016