Мемлекеттік қызмет

Атауы: Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӨЛҚҰЖАТЫ

    Көрсетілетін  қызмет орны

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:
    1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);
    2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Көрсетілетін қызметті алушы

    Жеке тұлғалар

    Көрсетілетін қызмет мерзімдері

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
    1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде;
    -өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде;
    -бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына жаңа куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде;
    Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
    2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
    3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін куәландыратын құжат бойынша заңды тұлға; нотариат куәландырған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
    Мемлекеттік корпорацияға:
    1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
    -кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтама) көшірмесі;
    -№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
    -2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
    -жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
    2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
    -2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосурет;
    -жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
    3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
    -бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік;
    -№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
    -2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
    -жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
    порталға:
    4) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
    -кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;
    -№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
    -2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
    5) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
    -2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
    6) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
    -бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
    -№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
    -2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады).
    Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
    Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар түпнұсқада көшірмелермен бірге ұсынылады. Құжаттар түпнұсқалары көшірмелермен салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Құжаттар түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, нотариалдық куәландырылған көшірмелер ұсынылады.
    Құжаттарды мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1-тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін тапсыруына тексергеннен кейін Мемлекеттік корпорация өтініш қабылдаған сәттен бастап бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыны шағын көлемді кемені басқару құқығына теориялық білімін тексеру үшін емтихан тапсыруға (бұдан әрі - емтихан) жібереді.
    Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік корпорация қызметкері электронды нысандағы (фотографиялардан басқа) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 4) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне емтихан өткізу орны мен уақыты туралы хабарламаны жібереді. Бұл ретте, емтихан көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне хабарлама жіберген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өткізіледі.
    Емтиханды жақсы тапсырған кезде емтихан нәтижесі мен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасында және/немесе 9-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар бір жұмыс күні ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікті ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.
    Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
    Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкіліне нотариат куәландырған сенімхат бойынша) осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
    Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
    Портал арқылы электронды сұрау салған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесі көрсетіледі.

    Қызмет көрсетудің құны

    Тегін

    Көрсетілетін мемлекеттік  қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қағаз түрінде өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасы.
    Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны мен күні туралы хабарлама жолданады.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, немесе облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының басшысының атына осы мемлекеттік қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
    Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
    Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағым қабылданғанын растау болып табылады.
    Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
    Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады).
    Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның немесе жергілікті атқарушы органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
    Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
    Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
    Жеке тұлғаның шағымында тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошта мекенжайы көрсетіледі.
    Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

    Өзге де талаптар

    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар және дене мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.
    Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында;
    2) www.egov.kz «электрондық үкімет» порталында орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда электронды түрде алуға мүмкіндігі болады.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.
    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.

     


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 05.06.2015 / 26.08.2016