Мемлекеттік қызмет

Атауы: Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Қызметті оn-linе алу 

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ 

    Қызмет көрсетілетін орын

    Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

    «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.

     

    Қызметті алушылар

    дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:

    1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

    лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

    лицензияны қайта ресімдеу – 10 (он) жұмыс күні ішінде;

    лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

    құжаттар  топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

    қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

    2) көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде:

    лицензияны беру – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

    лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

     

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» фоматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

    лицензияны алуға:

    1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

    2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;

    3) дара кәсіпкер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

    4) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқық үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

    5) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

    6) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының не ұйыммен(-дармен) жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

    7) автобустар мен шағын автобустарға рейс алдындағы техникалық байқау (инженер-механик), жүргізушілерге рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру жүргізу үшін қызметтердің және білікті персоналдың немесе осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

    8) тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері;

    9) автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамға міндетті техникалық байқаудан өткізу туралы куәліктің көшірмелері;

    10) жеке тұлғалар үшін – тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлғалар үшін – жүргізушілер құрамының тиісті санаттағы жүргізушілер куәліктерінің, тиісті санаттағы көлік құралы жүргізушісінің жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері;

    11) тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады

    Қызметтің құны

    ақылы

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқалары не мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап қағаз және (немесе) электрондық түрде.

     

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

    Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

    Нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алу мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолданады.

    ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.

    ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО-ның басшысына жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

    Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тартуы туралы жауап) жаңарып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

    Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

    Шағымда:

    1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;

    2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар

    Өзге талаптар

    Көрсетілетін қызметті алушының, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдардың жеке өздерінің келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

    Министрліктің – www.mtc.gov.kz («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде);

    ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті » арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

     

     

    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 08.10.2014 / 26.08.2016