Мемлекеттік қызмет

Атауы: Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ 

    Қызмет көрсетілетін орын

    "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

    www.egov.kz, www.elincense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

     Қызметті алушылар

    жеке және заң тұлғаларға

    Қызмет көрсету мерзімі

    1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

    лицензияны беру – 15 жұмыс күн;

    лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күн;

    лицензияның телнұсқасын беру – 2 жұмыс күн;

    2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

    3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

    Қажетті құжаттар

    1) лицензиялар алу үшін:

    Мемлекеттік корпорацияға:

    осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 1,  2 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;

    "электрондық үкіметтің" төлемақы шлюздері арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жинақ төлемін растайтын құжаты;

    өтініш берушінің осы мемлекеттік қызмет көрсету үлгілерінің 5 қосымшасындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, қызмет түрлеріне қатысты құжаттарының көшірмелері;

    порталға:

    порталға қызмет алушының электрондық сандық қолы қойылған (бұдан әрі - ЭСҚ), электрондық құжат үлгісінде сұрау салуы;

    "электрондық үкіметтің" төлемақы шлюздері арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жинақ төлемін растайтын құжаты;

    өтініш берушінің осы мемлекеттік қызмет көрсету үлгілерінің 5 қосымшасындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, қызмет түрлеріне қатысты электрондық құжаттарының көшірмелері;

    2) лицензияларды қайта ресімдеу үшін берілетіндер;

    Мемлекеттік корпорацияға:

    осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 3,  4 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;

    "электрондық үкіметтің" төлемақы шлюздері арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жинақ төлемін растайтын құжаты;

    өтініш берушінің осы мемлекеттік қызмет көрсету үлгілерінің 5 қосымшасындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, қызмет түрлеріне қатысты құжаттарының көшірмелері;

    порталға:

    порталға қызмет алушының электрондық сандық қолы қойылған (бұдан әрі - ЭСҚ), электрондық құжат үлгісінде сұрау салуы;

    "электрондық үкіметтің" төлемақы шлюздері арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жинақ төлемін растайтын құжаты;

    өтініш берушінің осы мемлекеттік қызмет көрсету үлгілерінің 5 қосымшасындағы көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, қызмет түрлеріне қатысты электрондық құжаттарының көшірмелері;

    3) лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер де бұрын берілген лицензия қағаз түрінде рәсімделген болса) қызмет түрін берушіге береді:

    еркін үлгіде жазылған өтініш;

    лицензияның көшірмесін беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

    Қызметтің құны

    ақылы

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқалары не мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап қағаз және (немесе) электрондық түрде

    Шағымдану тәртібі

    Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдері, әрекеттеріне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі.

    Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.

    Шағымды қабылдаған нөмірі, күні, адамның тегі көрсетілген, байланыс деректері көрсетілуімен, сондай-ақ, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды қарастыру барысын білуге болатын лауазымды төлғалардың байланыс деректері көрсетілуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

    Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.

    Қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымдардың Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

    Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

    Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.  

    Өзге талаптар

    Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабідетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері Біріңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.   

    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

    көрсетілетін қызметті берушінің – www.mid.gov.kz ("Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлігінде орналастырылған.

    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.

     



    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 08.10.2014 / 13.09.2017