Мемлекеттік қызмет

Атауы: Іздестіру қызметіне лицензия беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӨЛҚҰЖАТЫ  

    Қызмет көрсетілетін орын

    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, республикалық маңызы қаланың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
    Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру:
    1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
    2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті алушылар

    жеке мен заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдері:
    1) Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:
    -лицензия беру, заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру және заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде және санат бере отырып қайта ресімдеу - 15 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
    -лицензияның телнұсқасын беру - 2 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
    -жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезінде қайта ресімдеу - 3 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды;
    2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;
    3) жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
    1) лицензия алған кезде Мемлекеттік корпорацияға:
    -жеке тұлға үшін - осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    -заңды тұлға үшін - осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    -жеке басын куәландыратын құжат - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;
    -«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
    -осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
    2) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруіне, жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгеруіне, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыруға, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыруға, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыруға байланысты қайта ресімдеу кезінде Мемлекеттік корпорацияға:
    -жеке тұлға үшін - осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    -заңды тұлға үшін - осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    -жеке басын куәландыратын құжат - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;
    -«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
    3) санат берілуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу кезінде Мемлекеттік корпорацияға:
    -жеке тұлға үшін - осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    -заңды тұлға үшін - осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    -жеке басын куәландыратын құжат - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;
    -жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
    -лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
    -осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
    4) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыруға, заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыруға байланысты, лицензияны қайта ресімдеу кезінде Мемлекеттік корпорацияға:
    -заңды тұлға үшін - осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    -жеке басын куәландыратын құжат - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;
    -«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
    -осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
    -заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген бөліп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімі;
    5) лицензияның телнұсқасын берген кезде Мемлекеттік корпорацияға (бұдан бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделген болса):
    -жеке тұлға үшін - осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    -заңды тұлға үшін - осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    -жеке басын куәландыратын құжат - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;
    -«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
    6) лицензия алған кезде порталға:
    -жеке тұлға үшін - осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    -заңды тұлға үшін - осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    -«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
    -осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
    -филиал арқылы шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін іздестіру қызметіне тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
    7) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеген кезде порталға:
    -жеке тұлға үшін - осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған нысан бойынша өтініш;
    -заңды тұлға үшін - осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған, нысан бойынша өтініш;
    -«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
    8) санат берілуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде порталға:
    -жеке тұлға үшін - осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған нысан бойынша өтініш;
    -заңды тұлға үшін - осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған нысан бойынша өтініш;
    -«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
    -лицензияның және лицензияға қосымшаның электрондық көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
    -осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
    9) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде, лицензияны қайта ресімдеген кезде порталға:
    -заңды тұлға үшін - осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық нысан бойынша өтініш;
    -«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
    -осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
    -заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген бөліп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімінің электрондық көшiрмесi;
    10) лицензияның телнұсқасын берген кезде порталға (бұдан бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделген болса):
    -жеке тұлға үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    -заңды тұлға үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    -«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
    Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері, лицензия туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзы арқылы беріледі.
    Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
    Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация жұмыскері электрондық құжаттардың көшірмесін шығарады, содан кейін түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады.
    Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
    Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру (не нотариалды расталған сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезінде тиісті құжаттарды қабылдау туралы жеке қолхат негізінде жүзеге асырылады.
    Портал арқылы жүгіну кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге арналған сұрауды қабылдау туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып мәртебе жіберіледі.

    Қызметтің құны

    ақылы

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі іздестіру қызметіне лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру, не осы стандарттың 10 тармағына көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

    Шағымдану тәртібі

    Көрсетілетін қызметті берушінің не (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Министірліктің атына, Министірліктің: www.economy.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған мекенжайлар бойынша беріледі.
    Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
    Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, шағымды көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министірліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
    Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.
    Қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы келіп түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде тіркеу оның қабылданғанын растау болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
    Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
    Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

    Өзге талаптар

    Организм функциялары тұрақты бұзылуынан, тіршілік-әрекеті шектелетін денсаулығының бұзылуы бар көрсетілетін қызметті алушыдан, 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажеттілігі жағдайында құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
    -Министрліктің www.economy.gov.kz.
    -Көрсетілетін қызметті берушінің
    -Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
    - Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: www.economy.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 05.06.2015 / 15.08.2016