Мемлекеттік қызмет

Атауы: Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Оn-linе алу

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ 

    Қызмет көрсетілетін орын

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

    Көрсетілетін қызметті алушыдан (жұмыс берушіден немесе шетелдік қызметкерден) өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

    1) көрсетілетін қызметті беруші;

    2) жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту бойынша қызмет көрсету кезінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет», www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті алушылар

    жеке және заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап:

    көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) көрсетілетін қызметті берушіге немесе портал арқылы:

    рұқсат беру – 41 (қырық бір) жұмыс күні;

    рұқсатты қайта ресімдеу – 31 (отыз бір) жұмыс күні;

    рұқсатты ұзарту – 8 (сегіз) жұмыс күні;

    көрсетілетін қызметті алушы (шетелдік қызметкер) көрсетілетін қызметті берушіге:

    жұмысқа орналасуға рұқсат беру және ұзарту – 31 (отыз бір) жұмыс күні;

    жұмысқа орналасуға рұқсатты қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.

    Құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

    Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

    -көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе қайта ресімдеу үшін:

    -көрсетілетін қызметті берушіге:

    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

    1) маусымдық шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде:

    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер);

    2) өзге де шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде: 

    -өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы (еркін нысанда) ақпаратты қамтитын құжат;

    -мәліметтер;

    Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған болса, көшірмелері) нотариалдық куәландырылған аудармалары;

    -қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе  немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растайтын құжаттар қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);

    -шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық  куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын болса, өзінің қызметкерлерін келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жібереді);  

    -жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін жасалған келісімшарттың (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын болса, өзінің қызметкерлерін келісімшарт бойынша жұмысты орындау, қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жібереді);

    -жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шартының, келісімшартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған көшірмесі (шетелдік қызметкерлердің функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы қажет болған жағдайда);

    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (мына адамдарды қоспағанда: шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкерге, шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерiне, сондай-ақ  шетелдік қызметкерлерге қатысты басым жобалар мен шығу елдері бойынша квоталар шегінде, арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс берушілерге берілетін рұқсаттар);

    -ауыстырылатын қызметкерлердің кәсіптерін немесе мамандықтарын, паспортта немесе жеке куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес тегін, атын, әкесінің атын, ауыстыру мерзімін көрсете отырып, корпоративтік ауыстыру (егер шетелдік қызметкер корпоративтік ауыстыру шеңберінде тартылса) туралы  шетелдік заңды тұлға берген хаттың және (немесе) келісімнің (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған аудармасы;

    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу нысаны (шетелдік жұмыс күшін тартуда  шетелдік қызметкерлер қатарындағы: «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң кәсiптерi мен мамандықтарының жiктеуiшi» 05-2008 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жiктеуiшiне енгізілмеген кәсіптер немесе мамандықтар бойынша жұмыс істейтін,  этникалық қазақтар немесе бұрынғы отандастар болып табылатын адамдарға, сондай-ақ жұмыс берушілер қатарындағы: жұмыс берушілер қатарындағы кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту бағдарламасын іске асыратын және Қазақстан Республикасы азаматтарын жалдау, даярлау және шетелдік персоналды қысқарту бойынша міндеттемелері бар,  технологиялық жабдықты іске қосу, ретке келтіру және монтаждау бойынша жұмыстарды орындайтын мердігерлерді қоса алғанда, 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасыныңтізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын, «Өнімділік 2020» бағдарламасыніске асыруға қатысатын, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша оң шешім алған, шетелдік жұмыс күшін басым жобалар және шығу елдері бойынша квота шегінде тартатын,  шетелдік жұмыс күшін шетелдiк заңды тұлғалар өкiлдiктерiне тартатын,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері немесе мемлекеттік кәсіпорындары болып табылатын жағдайларын қоспағанда).

    Қарашығанақ, Солтүстік Каспий және Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушыларына, сондай-ақ олардың операторларына, мердiгерлiк және қосалқы мердiгерлiк ұйымдары (қосалқы мердiгерлердiң өздерi тартатын ұйымдарды қоспағанда) үшін кадрдағы жергілікті қамтуды арттыру бойынша бағдарламасының нотариалдық куәландырылған көшірмесі (кадрдағы жергілікті қамту бойынша талаптарды таратпауды қажет болған жағдайда).

    Қарашығанақ, Солтүстік Каспий және Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушыларына, сондай-ақ олардың операторларына, мердiгерлiк және қосалқы мердiгерлiк ұйымдары (қосалқы мердiгерлердiң өздерi тартатын ұйымдарды қоспағанда) үшін жер қойнауын пайдалану келiсiмшартынан, бiрлескен қызмет туралы шарттан, қызметтер көрсету шартынан нотариалдық куәландырылған үзіндісі (көшірме) (кадрдағы жергілікті қамту бойынша талаптарды таратпауды қажет болған жағдайда).

    -портал арқылы:

    -көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;

    1) маусымдық шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер нысаны;

    2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпаратты (еркін нысанда) қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

    -мәліметтер;

    Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған болса, электрондық көшірмесі) нотариалдық куәландырылған аудармалары;

    -қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе  немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растайтын құжаттар қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжаттың (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде) электрондық көшірмесі;

    -шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық  куәландырылған электрондық көшірмесі (егер шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын болса, өзінің қызметкерлерін келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жібереді);

    - жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін жасалған келісімшарттың (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған электрондық көшірмесі (егер шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын болса, өзінің қызметкерлерін келісімшарт бойынша жұмысты орындау, қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жібереді);

    -жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шартының, келісімшартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған электрондық көшірмесі (шетелдік қызметкерлердің функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы қажет болған жағдайда);

    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (мына адамдарды қоспағанда: шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкерге, шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерiне, сондай-ақ  шетелдік қызметкерлерге қатысты басым жобалар мен шығу елдері бойынша квоталар шегінде, арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс берушілерге берілетін рұқсаттар);

    -ауыстырылатын қызметкерлердің кәсіптерін немесе мамандықтарын, паспортта немесе жеке куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес тегін, атын, әкесінің атын, ауыстыру мерзімін көрсете отырып, корпоративтік ауыстыру (егер шетелдік қызметкер корпоративтік ауыстыру шеңберінде тартылса) туралы  шетелдік заңды тұлға берген хаттың және (немесе) келісімнің (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған аудармасының электрондық көшірмесі;

    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу нысаны(шетелдік жұмыс күшін тартуда  шетелдік қызметкерлер қатарындағы: «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң кәсiптерi мен мамандықтарының жiктеуiшi» 05-2008 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жiктеуiшiне енгізілмеген кәсіптер немесе мамандықтар бойынша жұмыс істейтін,  этникалық қазақтар немесе бұрынғы отандастар болып табылатын адамдарға, сондай-ақ жұмыс берушілер қатарындағы: жұмыс берушілер қатарындағы кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту бағдарламасын іске асыратын және Қазақстан Республикасы азаматтарын жалдау, даярлау және шетелдік персоналды қысқарту бойынша міндеттемелері бар,  технологиялық жабдықты іске қосу, ретке келтіру және монтаждау бойынша жұмыстарды орындайтын мердігерлерді қоса алғанда, 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасыныңтізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын, «Өнімділік 2020» бағдарламасыніске асыруға қатысатын, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша оң шешім алған, шетелдік жұмыс күшін басым жобалар және шығу елдері бойынша квота шегінде тартатын,  шетелдік жұмыс күшін шетелдiк заңды тұлғалар өкiлдiктерiне тартатын,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері немесе мемлекеттік кәсіпорындары болып табылатын жағдайларын қоспағанда).

    Қарашығанақ, Солтүстік Каспий және Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушыларына, сондай-ақ олардың операторларына, мердiгерлiк және қосалқы мердiгерлiк ұйымдары (қосалқы мердiгерлердiң өздерi тартатын ұйымдарды қоспағанда) үшін кадрдағы жергілікті қамтуды арттыру бойынша нотариалдық куәландырылған бағдарламасының электрондық көшірмесі (кадрдағы жергілікті қамту бойынша талаптарды таратпауды қажет болған жағдайда);

    Қарашығанақ, Солтүстік Каспий және Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушыларына, сондай-ақ олардың операторларына, мердiгерлiк және қосалқы мердiгерлiк ұйымдары (қосалқы мердiгерлердiң өздерi тартатын ұйымдарды қоспағанда) үшін жер қойнауын пайдалану келiсiмшартынан, бiрлескен қызмет туралы шарттан, қызметтер көрсету шартынан нотариалдық куәландырылған үзіндісінің  электрондық көшірмесі (кадрдағы жергілікті қамту бойынша талаптарды таратпауды қажет болған жағдайда).

    -көрсетілетін қызметті алушының (жұмыс берушінің) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту үшін:

    -көрсетілетін қызметті берушіге:

    -өтініш;

    1)  өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпаратты (еркін нысанда) қамтитын құжат;

    2)  жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шартының, келісімшартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған көшірмесі (шетелдік қызметкерлердің функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы қажет болған жағдайда);

    3)  осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (мына адамдарды қоспағанда: шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкерге, шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерiне, сондай-ақ  шетелдік қызметкерлерге қатысты басым жобалар мен шығу елдері бойынша квоталар шегінде, арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс берушілерге берілетін рұқсаттар);

    -портал арқылы:

    -көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;

    1)      өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпаратты (еркін нысанда) қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

    2) жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шартының, келісімшартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған электрондық көшірмесі (шетелдік қызметкерлердің функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы қажет болған жағдайда);

    3)      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (мына адамдарды қоспағанда: шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкерге, шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерiне, сондай-ақ  шетелдік қызметкерлерге қатысты басым жобалар мен шығу елдері бойынша квоталар шегінде, арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс берушілерге берілетін рұқсаттар).

    Жеке басты куәландыратын, көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    Көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

    Көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

    -көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талонын береді;

    -портал арқылы  – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

    Жұмысқа орналасуға рұқсат алу немесе ұзарту үшін көрсетілетін қызметті алушы (шетелдік қызметкер) көрсетілетін қызметті берушіге:

    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті:

    1) мәліметтерді;

    2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған аудармаларын (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған болса, көшірмелерін); 

    3) қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе  немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растайтын құжаттар қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпаратты (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде) ұсынады.

    Жұмысқа орналасуға рұқсатты қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы (шетелдік қызметкер) көрсетілетін қызметті берушіге:

    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

    1)  шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

    Көрсетілетін қызметті алушы (шетелдік қызметкерлерге) барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

    -көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, өтініштің үзбелі талонын береді;

    Рұқсат алу, қайта ресімдеу және ұзарту кезінде өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде жеткен ерекше шарттардың  орындалуы туралы ақпаратты ұсыну талап етілмейді:

    1) шетелдік қызметкерлер қатарындағы:

    05-2008 «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң кәсiптерi мен мамандықтарының сыныптауышы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыныптауышына енгізілмеген кәсіптер немесе мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндерден;

    этникалық қазақтар немесе бұрынғы отандастар болып табылатын адамдардан;

    2) жұмыс берушілер қатарындағы:

    -кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту бағдарламасын іске асыратындардан және Қазақстан Республикасының азаматтарын жалдау, даярлау және шетелдік персоналды қысқарту бойынша міндеттемелері барлардан;

    -технологиялық жабдықты іске қосу, ретке келтіру және монтаждау бойынша жұмыстарды орындайтын мердігерлерді қоса алғанда,                              2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасының тізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатындардан;

    -«Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыруға қатысатындардан, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша оң шешім алғандардан;

    -шетелдік жұмыс күшін басым жобалар және шығу елдері бойынша квота шегінде тартатындардан;

    -шетелдік жұмыс күшін шетелдік заңды тұлғалар өкілдіктеріне тартатындардан;

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері немесе мемлекеттік кәсіпорындары болып табылатындардан талап етілмейді.

    Қызметтің құны

    тегін

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

    қайта ресімделген рұқсат және шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға ұзартылған рұқсат.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны:

    көрсетілетін қызметті алушыға (жұмыс берушіге) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат (бұдан әрі – шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат) беру, қайта ресімдеу және ұзарту бойынша – электронды немесе қағаз түрінде;

    көрсетілетін қызметті алушыға (шетелдік қызметкерге) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмысқа орналасуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту бойынша – қағаз түрінде.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушініңжәне (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.

    Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

    Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

    Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімнің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап                                 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты  бірыңғай байланыс орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.

    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

    Өзге талаптар

    Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жеке өзі баруға мүмкіндігі болмаған кезде, көрсетілетін қызметті алушы қызметтерді ресімдеу және алу құқығы бар сенімхатпен өкілін жібереді.

    Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mzsr.gov.kzинтернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

    Бизнес сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу, сондай-ақ рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту туралы ақпаратты портал арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91.


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 10.11.2014 / 13.04.2017