Мемлекеттік қызмет

Атауы: Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

      Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

    Қызмет көрсетілетін орын

    Мемлекеттік қызметті оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтін нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті алушылар

    жеке тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
    1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзетуге және әлеуметтік оңалтуға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап 60 минут;
    мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарынан өту үшін күнтізбелік 90 күннен бастап күнтізбелік 365 күнге дейін;
    2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды;
    3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік  қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
    1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілдерінің) еркін нысандағы өтініші;
    2) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілдерінің) жеке куәлігінің көшірмесі;
    3) баланың туу туралы куәлігі (тексеру үшін түпнұсқа);
    4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.

    Қызметтің құны

    Тегін

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы стандартқа қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша анықтама болып табылады.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
    шағым Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары басшыларының атына;
    1) шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде беріледі.
    Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
    Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

    Өзге талаптар

    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

      

    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 04.11.2014 / 15.06.2016