Мемлекеттік қызмет

Атауы: Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ   

    Қызмет көрсетілетін орын

    Мемлекеттік қызметті балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті алушылар

    Жеке тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
    1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;
    2) құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күту уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
    3) қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
    1) еркін нысандағы өтініш;
    2) баланың жеке басын куәландыратын құжат;
    3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 035-2/У нысаны бойынша медициналық анықтама.
    Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады.

    Қызметтің құны

    Тегін

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: білім алушыны ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына қабылдау.

    Шағымдану тәртібі

    Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
    -шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - ЖАО) және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
    Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті ЖАО-ның кеңселері арқылы қолма-қол беріледі.
    Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе ЖАО-ның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
    Шағымда жеке тұлғаның тегі мен аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) пошталық адресі, байланыс телефондары көрсетіледі және көрсетілетін қызметті алушы қол қою керек.
    Көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті ЖАО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті ЖАО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.
    Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде;
    2) ЖАО интернет-ресурстарында орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 04.11.2014 / 16.06.2016