Мемлекеттік қызмет

Атауы: Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ  

    Қызмет көрсететін орын

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызмет алушылар

    жеке, заңды тұлғалар

    Қызмет көрсеті уақыты

    Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
    2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минут;
    3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
    Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

    Қажет құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі (жеке тұлғаға – нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша, заңды тұлғаға – өкілеттікті растайтын құжат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
    1) көрсетілетін қызметті алушы субсидиялар алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидия алуға өтінім ұсынады;
    2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    3) су беруші алдында берешегінің жоқтығы туралы құжат.
    Мемлекеттік корпорацияның және көрсетілетін қызметті алушының қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаның тіркелгені туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
    Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелер арқылы алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
    Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету барысында ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
    Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
    1) көрсетілетін қызметті берушіде – өтінімінің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі;
    2) Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.
    Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған субсидияны тағайындау/ тағайындамау туралы шешімді беруді жеке басты куәландыратын құжатты (не оның өкілін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша, заңды тұлғаға – өкілеттікті растайтын құжат бойынша) көрсеткен жағдайда, қолхат негізінде оның жұмыскері жүзеге асырады.
    Көрсетілетін қызметті алушы өтінімін қарау нәтижелерін алуға келмеген жағдайда, Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтиженің сақталуын қаматамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.

    Қызмет құны

    тегін

    Қызмет нәтижесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – одан әрі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.

     Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
    Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
    Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.
    Мыналардың:
    1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
    2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
    Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушіде оның қабылданғанын растау болып табылады.
    Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.
    Көрсетілетін қызметті алушыға шағымының қабылданғаны туралы растау ретінде шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, шағымға жауап алу мерзімі мен орны, шағымды қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.
    Портал арқылы электрондық өтінім жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтінім туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
    Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
    Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

    Өзге талаптар

    Ағзаның тыныс-тіршілігін шектейтін оның функцияларының тұрақты бұзылулары бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдау қажет болған жағдайда, оны Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.
    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
    Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның ғимараттары дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.
    Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында;
    2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің интернет-ресурстарында көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 28.10.2014 / 16.05.2017