Мемлекеттік қызмет

Атауы: Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    Мемлекеттік қызмет төлқұжаты 

    Қызмет көрсетілетін орын

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырады.

    Қызметті алушылар

    жеке және заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
    1) құжаттар топтамасын операторға тапсырған сәттен бастап:
    1-кезең: өтінімдерді мақұлдау/мақұлдамау туралы шешім – 10 (он) жұмыс күні;
    2-кезең: оң шешім болған жағдайда, субсидияны аудару – 38 (отыз сегіз) жұмыс күні;
    2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
    3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
    5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) операторға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
    - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтініш;
    - кредит берудің мүмкіндігі туралы кредитордың оң шешімі бар хатты;
    - кепілдік беру/сақтандыру туралы кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының хаты болып табылады.
    Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қағаз тасығышта өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде қабылдану күні мен уақыты көрсетілген, тіркелгені туралы белгі немесе құжаттамадағы почталық жөнелтілімдерді жүзеге асыратын почта ұйымының белгісі болып табылады.

    Қызметтің құны

    Тегін

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
    1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандару шеңберінде субсидиялау мәселелері бойынша облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімі орынбасарының төрағалығымен өтеетін комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
    2) өтініштерді мақұлдаған жағдайда кепіл берушінің/сақтандыру үйымының есеп шотына субсидия қаражатын аудару.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, оператордың және (немесе) оның жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым тиісті облыстың көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
    Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма қол беріледі.
    Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
    Шағымында:
    - жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
    - заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
    Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
    Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
    Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мен анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында, сондай-ақ www.mgov.kz және www.kam.kz сайтта орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 12.10.2015 / 16.05.2016