Мемлекеттік қызмет

Атауы: Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӨЛҚҰЖАТЫ   

    Қызметті көрсету орны

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті алушылар

    заңды тұлғалар

    Қызметті көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
    2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
    3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

    Қажетті құжаттар

    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеуге өтініш (бұдан әрі – өтініш) ұсынуы қажет.
    Қабылдаған күні және уақыты көрсетіле отырып, көшірмесіне кеңседе тіркелгендігі туралы белгі қою өтініштің қабылданғандығын растау болып табылады.

    Қызметтің құны

    тегін

    Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу және оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) интернет-ресурстарында орналастыру.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
    Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма қол беріледі.
    Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
    -көрсетілетін қызметті берушінің шағымында:
    -заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
    Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
    Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органга шағыммен жүгінеді.
    Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

    Өзге де талаптар

    Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мен анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 09.10.2015 / 13.05.2016