Мемлекеттік қызмет

Атауы: Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ 

    Мемлекеттік қызмет көрсету орны

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызмет алушылар

    жеке тұлғалар

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

    1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – тиісті жылғы 1 (бірінші) желтоқсанға дейін;
    2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
    3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы өткен жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өсірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуға және оларды ағымдағы жылы өсіруге бюджеттік субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидияларды алуға өтінім береді.
          Көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың екінші және кейінгі кезеңдеріне қатысу үшін бөлімге тоқсан сайын жүргізілген жұмыстарды және (немесе) сатып алынған шығыс материалдарын растайтын құжаттардың көшірмелерін қосымша береді.
          Алдыңғы жылдары бюджеттік субсидия алған көретілетін қызметті алушы жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерінің екінші вегетациясын (аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен отырғызылғандар үшін), екінші-үшінші вегетациясын (жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін), екінші-үшінші-төртінші вегетациясын (республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 2010 – 2012 жылдары дәстүрлі технология бойынша отырығызылғандар үшін), отырғызылуы республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылған екіншіден бастап жетінші вегетацияны (алманың «Апорт» сорты бойынша) қоса өсіру (күту) бойынша бюджеттік субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидияларды алуға өтінім және көрсетілетін қызметті беруші бекіткен нысан бойынша алдыңғы жылдарда алынған бюджеттік субсидиялардың нысаналы және тиімді пайдаланылуы туралы есеп береді.
          Көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың екінші және кейінгі кезеңдеріне қатысу үшін бөлімге тоқсан сайын екпелерді күтіп өсіру бойынша жүргізілген жұмыстарды және сатып алынған шығыс материалдарын растайтын құжаттардың көшірмелерін қосымша ұсынады.

    Қызмет ақысы

    ақысыз

    мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

    Көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
          Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
          Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
          Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
          Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
          Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
     Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
     Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

     


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 03.11.2014 / 17.10.2016