Мемлекеттік қызмет

Атауы: Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ 

    Мемлекеттік қызмет көрсету орны

    Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
    Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу қажет болған жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызмет алушылар

    Жеке және заңды тұлғалар

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:
    1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары айқындаған өткізу мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады;
    Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшерме беру – 30 (отыз) минут;
    2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
    3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
    4) сырға (сырғалар) жоғалған, бүлінген кезде (жеке нөмірін айқындау мүмкін емес) қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет жануарларға жаңа жеке нөмір бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
    Ірі жануардың сырғаларының біреуі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге аспалы сырға телнұсқасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
    1) ауыл шаруашылығы жануарларын бастапқы бірдейлендіру үшін ветеринариялық паспорт беру:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    -жеке басын куәландыратын құжатдың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
    -чиптер үшін ақы төленгенін (чиптен кезінде) растайтын кұжат;
    2) сырға (сырғалар) жоғалған немесе бүлінген кезде телнұсқасын алу үшін ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру өткізу үшін:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    -жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
    3) жоғалған немесе ескірген кезде ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алу үшін:
    -ветеринариялық паспорттың екінші нұсқасын алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (ветеринариялық паспорттың жоғалғанын, бүлінгенін растайтын құжаттардың қосымшасымен қоса) өтініш;
    -жеке басын куәландыратын құжатың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
    4) ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін өтініш;
    -жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
    -порталға ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін:
    -көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін электронды құжат нысанындағы өтініш;
    Жеке басты куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
    Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
    2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

    Қызмет ақысы

    ақысыз

    мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру тәсілдерінің бірімен жануарларға ветеринариялық паспорт бере отырып жеке нөмір беру, телнұсқа беру, ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беру.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
    Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
    Шағымда:
    -жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
    -заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
    Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
    Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
    Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай Электронды өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 03.11.2014 / 22.06.2016