Мемлекеттік қызмет

Атауы: Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Қызметті оn-linе алу 

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

    Қызметті ұсыну орны

    Мемлекеттік қызметті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
    - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    - «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті алушылар

    заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімдері

    Көрсетілетін қызметті берушіге және порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
    -лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 10 (он) жұмыс күні;
    -лицензияны қайта ресімдеу үшін – 3 (үш) жұмыс күні;
    -лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 (екі) жұмыс күні;
    -құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
    -қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
    Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
    -көрсетілетін қызметті берушіге:
    1) лицензия алу үшін:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    -жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
    -жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны).
    2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    -жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
    -лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
    -мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмесі;
    3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    -жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
    -лицензияның телнұсқасын алу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
    порталға:
    1) лицензия алу үшін:
    -1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    -ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
    -мәліметтер нысаны;
    2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    -ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
    -мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмесі;
    3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін:
    -көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
    -ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымды төлегені туралы ақпаратты «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
    Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып тіркеу болып табылады;
    2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
    1) Қазақстан Республикасының заңдарымен осы санаттағы субъектілер үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
    2) қызмет түріне лицензия беруге өтінім берілген жағдайда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды енгізбеу;
    3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
    4) лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
    5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың борышкер өтініш иесіне лицензия беруге уақытша тыйым салуы болып табылады.

    Қызмет құны

    ақылы

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
    Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
    Көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған шағымда оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
    Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (штамп, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
    Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
    Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
    Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (шағымды жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында («Қолдау және қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинет» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

     

     

    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 03.11.2014 / 17.05.2016