Мемлекеттік қызмет

Атауы: Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Қызметті оn-linе алу

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ    

    Қызмет көрсетілетін орын

    Мемлекеттiк қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
    - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    - «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті алушылар

    жеке және заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Көрсетілетін қызметті берушіге және порталға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
    -лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 15 (он бес) жұмыс күні;
    -лицензияны қайта ресімдеу үшін – 3 (үш) жұмыс күні;
    -лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 (екі) жұмыс күні;
    -құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
    -қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
    Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
    -көрсетілетін қызметті берушіге:
    1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
    ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер (бұдан әрі - мәліметтер) нысаны.
    2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
    3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
    ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
    -мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпарат қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат бар құжаттардың көшірмелері.
    4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдірген кезде лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
    -еркін нысанда өтініш;
    ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
    -порталда:
    1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
    -ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
    -2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
    3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
    -ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
    -мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпарат қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат бар құжаттың электрондық көшірмесі.
    4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдірген кезде лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
    -көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
    -ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
    Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қопспағанда жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
    Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
    -көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күнін және құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады;
    -портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебе көрсетіледі.
    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз:
    1) осы көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрiмен айналысу;
    2) лицензиялық алымды енгізбеу;
    3) көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы;
    4) көрсетілетін қызметті алушының лицензия беру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі туралы тиісті келісім беретін мемлекеттiк органнан жауаптың болуы;
    5) көрсетілетін қызметті алушыға пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға тыйым салатын заңды күшiне енген сот шешімінің (үкiмiнiң) бар болуы;
    6) сот орындаушысы ұсынымының негiзiнде сот шешімі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға-борышкерге лицензияны беруге уақытша жол бермеу.

    Қызметтің құны

    ақылы

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия не осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым тиісті көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
    Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатндартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
    Шағымда:
    1) жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
    2) заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
    Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
    Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
    Шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
    Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып тұрады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары 8 (7172) 55-59-61, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 03.11.2014 / 24.01.2017