Мемлекеттік қызмет

Атауы: Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

     on-line

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ  

    Қызмет көрсетілетін орын

    Мемлекеттік қызметті:
    1) ветеринариялық мақсаттағы ветеринариялық препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді – Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
    2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті алушылар жеке және заңды тұлғалар
    Қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
    1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:
    -лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
    -лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген
    кезде – 3 (үш) жұмыс күні;
    -лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;
    2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
    3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
    Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
    Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
    Қажетті құжаттар 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
    1) лицензия алу үшін:
    -көрсетілетін қызметті берушіге:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;
    -заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігі (сәйкестендіру үшін);
    -жеке басын куәландыратын құжат немесе өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
    -көрсетілетін кызметті алушыны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (сәйкестендіру үшін);
    -ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
    -жалға алу шарты құқығында тиісті үй-жайларының бар екендігін растайтын құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны;
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны;
    порталға:
    -көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;
    -көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;
    -ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
    -жалға алу шарты құқығында тиісті үй-жайларының бар екендігін растайтын құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны;
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны;
    2) лицензиясы бар қызмет түрінің шеңберінде лицензияға қосымша алу үшін:
    -көрсетілетін қызметті берушіге:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;
    -заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігі (сәйкестендіру үшін);
    -жеке басын куәландыратын құжат немесе өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
    -көрсетілетін кызметті алушыны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (сәйкестендіру үшін);
    -жалға алу шарты құқығында тиісті үй-жайларының бар екендігін растайтын құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған үшін мәліметтер нысаны;
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған үшін мәліметтер нысаны;
    порталға:
    -көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;
    -көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;
    -жалға алу шарты құқығында тиісті үй-жайларының бар екендігін растайтын құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесі;
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған үшін мәліметтер нысаны;
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған үшін мәліметтер нысаны;
    3) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
    -көрсетілетін қызметті берушіге:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiші
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiші;
    -заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігі (сәйкестендіру үшін);
    -жеке басын куәландыратын құжат немесе өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
    -көрсетілетін кызметті алушыны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (сәйкестендіру үшін);
    -лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымды бюджетке төлеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
    -ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;
    порталға:
    -көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiші;
    -көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiші;
    -ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
    -ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын құжаттардың электрондық көшірмесі;
    4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдірген кезде лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйеден алу мүмкіндігі болмаған лицензияның телнұсқасын алу үшін;
    -көрсетілетін қызметті берушіге:
    -лицензиянық және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалғаны, бүліндені туралы еркін нысандағы өтініш;
    -заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігі (сәйкестендіру үшін);
    -жеке басын куәландыратын құжат немесе өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
    -көрсетілетін кызметті алушыны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
    -лицензияның телңұсқасын беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
    порталға;
    -көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау.
    -ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
    Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы меншік құқығында тиісті үй-жайларының бар екендігі туралы, ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
    Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
    2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
    Қызметтің құны ақылы
    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, оны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым:
    1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитет (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-15, не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63;
    2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) басшысының атына беріледі.
    Шағым жазбаша нысанда почта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
    Шағымда:
    -жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
    -заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
    Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің және ЖАО-ның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
    Комитеттің, Министрліктің және ЖАО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не Комитеттің, Министрліктің және ЖАО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
    Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
    Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қараулады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

    Өзге талаптар

    www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 28.10.2014 / 22.06.2016