Мемлекеттік қызмет

Атауы: Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    Мемлекеттік қызмет төлқұжаты

    Қызмет көрсетілетін орын

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіменжүзеге асырылады

    Қызметті алушылар

    заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:

    1)  құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк                30 (отыз) күн;

    2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

    3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

     

    Қажетті құжаттар

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

    1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

    2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi;

    3) көрсетiлетiн қызмет алушықол қойған діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы туралы еркін нысандағы негіздеме-анықтама (сауда, қосалқы, әкімшілік-шаруашылық үй-жайлардың бар-жоғы, саны, сондай ақ, үй-жайдың пайдалану мақсаты діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпаратты,діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатылымға қоюға әзірлеуге арналғандығы; үй-жайды салу мақсаты; үй-жай орналасқан үйлерден (ғимараттан) үш жүз метр қашықтықта рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерғимараттары, білім беру ұйымдары ғимараттарыжоқ екендігі көрсетілген);

    4) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының көшірмесімен қоса, құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;

    5) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін пайдалануға рұқсат етуге келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады).

    Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні,әкесінің аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.

    Қызметтің құны

    тегін

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралышешімі.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағымwww.din.gov.kzинтернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 14-кiреберiс мекенжайы,8 (7172)740976 телефоны бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.

    Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.

    Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

    Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған. 

    Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.egov.kz «электронды үкімет»веб-порталында орналастырылған. 

    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 20.10.2014 / 15.06.2016