Мемлекеттік қызмет

Атауы: Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспа басылымдарын есепке алу

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Қызметті оn-linе алу
    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӨЛҚҰЖАТЫ   

    Қызмет көрсетілетін орын

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі саясат басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
    1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
    2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті алушылар

    жеке және заңды түлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
    1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
    2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;
    3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 (жиырма) минут.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
    1) Мемлекеттік корпорацияға:
    - жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
    - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш (мерзімді баспасөз басылымдарының атаулары, таралу аймағы, тілі, негізгі тақырыптық бағыты, шығу жиілігі, таралатын даналардың саны);
    2) порталға:
    - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;
    Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы қызмет беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден «электрондық үкімет» шлюз арқылы алады.
    Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін қайта жаңғыртып, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.
    Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.
    Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
    Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басы куәлігін көрсеткен кезде (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
    Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
    Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп (егер қағаз түрінде берілген болса алған орны көрсетілуі тиіс), мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

    Қызметтің құны

    тегін

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтама.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 8 (7172) 75 44 55 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына беріледі.
    Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
    Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.
    Мемлекеттік корпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
    Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.
    Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
    Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
    Шағымда:
    1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;
    2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
    Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол беріледі.
    Портал арқылы электрондық жүгінген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
    Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

    Өзге талаптар

    Қазақстан Республикасының заңнасында белгіленген тәртіпте өздігінен қызмет көрсетуді, өз бетімен жүруді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауға бағдарлау қабілеттілігін толық немесе ішінара мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға Мемлекеттік корпорация қызметкерімен 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғылықты орны бойынша шыға отырып қызмет көрсетіледі.
    Мемлекеттік қызметті көрсетудің мекенжайлары: Министрліктің www.mid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
    ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

     

     

    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 13.01.2014 / 15.06.2016