Мемлекеттік қызмет

Атауы: Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

     Бизнес-процестер анықтамалығы

    Мемлекеттік қызмет төлқұжаты 

    Ұсынылатын қызметтiң орны:

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалалары, облыстар, жергілікті атқарушы органдар Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің келісімі бойынша (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

    1) көрсетілетін қызметті беруші;

    2) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті тұтынушылар

    Жеке және заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

    1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 9 (он бір) жұмыс күні;

    2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;

    3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

    1) көрсетілетін қызметті берушіге:                                                                 

    -көрсетілетін қызметті алушының өтінімі;                                     

    -жоспарланған құрылыс аумағының және оған іргелес аумақтың топографиялық жоспарының көшірмесі (топографиялық жоспардың көшірмесінде тау-кен геологиялық жағдай, қолда бар және жоспарланған құрылыс контуры, тау-кен бөлінісінің шекарасы, құрылыс объектісіне тау-кен игерудің зиянды әсер ететін аймақ шекаралары көрсетіледі);        

    -түсіндірме жазба;                                                                                 

    2) порталға: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімі;

    -жоспарланған құрылыс аумағының және оған іргелес аумақтың топографиялық жоспарының электронды көшірмесі (топографиялық жоспардың көшірмесінде тау-кен геологиялық жағдай, қолда бар және жоспарланған құрылыс контуры, тау-кен бөлінісінің шекарасы, құрылыс объектісіне тау-кен игерудің зиянды әсер ететін аймақ шекаралары көрсетіледі);    

    -түсіндірме жазбаның электронды көшірмесі;         

    -көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың бәрін:

    -көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) тапсырған кезде – құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, оның көшірмесіне қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгінің қойылуы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

    -портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу мерзімі көрсетіліп, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрінеді;

    Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    Қызметтің құны

    Тегін

    Қызмет көрсету нәтижесі

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру;

    Қағаз тасығыш рұқсат алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.

    Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол не пошта арқылы жазбаша нысанда беріледі.

    Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

    Көрсетілетің қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы беріледі.

    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.geology.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар» деген бөлімінде орналастырылған.

    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.

    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.




    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 20.10.2014 / 15.06.2016