Мемлекеттік қызмет

Атауы: Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    Мемлекеттік қызмет төлқұжаты 

    Ұсынылатын қызметтiң орны:

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалалары, Облыстар, жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

    2) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті тұтынушылар

    Жеке және заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

    1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 14 (он төрт) жұмыс күні;

    2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (он бес) минут;

    3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

    1) көрсетілетін қызметті берушіге:

    -қосымшаға сәйкес өтінім;

    -өкілдің жеке бастың куәлігін растайтын және өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестіру үшін)

    2) порталға:

    -қосымшаға сәйкес өтінімнің құжаттың электронды формасы;

    -жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.

    Қызмет алушымен барлық қажетті құжаттарды беру арқылы:

    Қызмет беруші (қолына береді әлде почта байланысы арқылы)- қағаз жүзіндегі өтініштің қабылдануын растайтын, оның көшімесіне қызмет беруші канцеляриясының тіркелуі туралы құжат топтамасының қабылдаған күні мен уақыттың көрсетілу болып табылады;

    -портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетіп, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраусалу қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі;

    Қызметтің құны

    Тегін

    Қызмет көрсету нәтижесі

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – болашақ құрылыс учаскелесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың                            12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол не пошта арқылы жазбаша нысанда беріледі.

    Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

    Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы алуға болады.

    Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа жеткізе алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға өтініш береді.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайы министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде орналастырылады.

    ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.

    Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары министрліктің www.mint.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.



    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 20.10.2014 / 15.06.2016